Жексенбі, 25 Қараша 2018 11:03

Мақтааралда ұлттық спортты дамыту мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының ғимаратында облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы өкілдерімен және аудандағы ат спорты ұлттық құраманың шабандоздарымен кездесу жиыны өтті.

Жиынға «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан облыстық көкпар федерациясының президенті Жолдасов Нұрмахан Миятұлы, Ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры Ахметбаев Ғани Молдабекұлы, Жетісай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жолдасбеков Мақсат Жанұзақұлы қатысып, ұлттық ат спортын дамыту және осы бағыттағы ұйымдастырылып өткізілетін шараларды жүзеге асыру жайын талқылады.

Жиын барысында командалық көкпар ойынын дамытып қолдап-қуаттау, жаттықтырушылар құрамының тәжірибесін нығайту, төрелік біліктілікті арттыру, өңірлік жарыстарды өткізу шараларын кеңейту, турнирлердің сапасын жақсарту, ат спортын дәріптеу туралы мәселелер айтылды. Сонымен қатар Мақтарал аудандық бойынша аудандық ат спорты федерациясының төрағасы болып Қанаев Жарқынбек Ережепұлы, Жетісай аудандық ат спорты федерациясының төрағасы болып Айбеков Сабыржан Тұтқабайұлы сайланды. Жиын соңында Ұлттық спортты дамытудағы үлесін қосып жүрген бірқатар белсенді азаматтарға Түркістан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және Түркістан облыстық көкпар федерациясының алғыс хаттары тбысталды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 2660 рет