Сенбі, 15 Маусым 2019 17:19

Түркістан облысы: Төлеби ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада өтті

Бүгін Ленгір қаласындағы «Жастық» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ұранмен спартакиада өтті. Спартакиаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насиxаттау, мемлекеттік қызметшілерді бұқаралық спортқа атсалыстыру және үздік ұжымдарды анықтау

Спорттық шараның қатысушылары кіші футболдан, арқан тартудан, кір тасын көтеруден, кермеге тартылудан, ләңгі ойынынан, асық атудан, үстел теннисінен, қол күресінен, шахматтан және волейболдан өзара жарысқа түсті. Жарыста сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев: «Ең алдымен осы сәтті пайдалана отырып, барша мемлекеттік қызметкерлерді келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік қызметті жауапкершілікпен атқарып жүрген сіздерге бүгінгі жарыста жеңістер тілеймін» - деді.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте: I орынды – ауылдық округ әкімі аппараттарының командасы, II орынды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі командасы, III орынды аудан әкімі аппаратының командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімінің арнайы дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 678 рет