Сәрсенбі, 19 Маусым 2019 14:18

Түркістан облысы: Ел чемпионатында жүлдегер атанған спортшыларға құрмет көрсетілді

Қарағанды қаласында найза лақтырудан, Ақтөбе қаласында самбо күресінен және Қызылорда қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында жерлестеріміз жүлделі үшінші орынды иемденіп, қола медаль еншілеген болатын

Шардара ауданы тарихына енген спортшыларымыздың жетістіктеріне тоқтала кетсек. Найза лақтырудан облысымыздың абыройын қорғаған жерлесіміз Мадина Ергешова қола жүлдегер атанса, жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен жампоз Қабылбек Нұрманов самбо күресінен 66 келіде және тура осы салмақ бойынша Бексұлтан Құлмырза дзю до күресінен жүлделі үшінші орынды иемденіп, қола медаль еншіледі. Бұл саңлақтарды Түркістан обыстық №4 ОРМБЖСМ директоры Арман Қарсыбаев жеңістерімен құттықтап, болашақта әлем шыңын бағындырып, Қазақ елінің көк туын көкте желбірете берулеріне тілектестік білдіріп, алғысхаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар жүлдегер спортшылардың Бекбай Құрбанов, Нұрбол Шайманов және Санжар Хасан сынды білікті бапкер, тәжірибелі ұстаздарына да құрмет көрсетіліп, алдағы уақыттағы еңбектеріне табыс тіледі.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Оқылды 1084 рет