Сәрсенбі, 23 Қазан 2019 17:14

Шымкентте стенд және оқ атудан халықаралық турнир басталды

Шымкент қаласында КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стенд және оқ атудан халықаралық турнир басталды. Осымен 28-ші рет өтіп жатқан жарыстың аясында сонымен қатар ҚР чемпионатының финалдық ойындары да өтуде

Халықаралық сайыс жағымды жаңалықпен бастау алды. Спорт кешені қосымшажаңа нысанмен толығыпАзия бойынша ең ірі стенд ату алаңына айнылып отырАту алаңдары толық электрондыБарлық заманауи жабдықтармен қамтылғанХалықаралық стандарттарға толық сайБиылдыққа екінші рет осы турнирге қатысып отырғанәлемдік жарыстарда жоғары орындардан түспейтін, Италия мемлекетінен келген аға жаттықтырушы Даниел Лучиди өзінің таңданысын жасыра алмады.

Қалада ату спортының даму тарихында бұл турнир 28-ші рет өткізіліп, еліміздің тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. 2018 жылдан бері турнир ISSF Спорттық ату түрлерінен Халықаралық Федерациясының күнтізбелік жоспарына енгізілген.  Бұл жарысқа әлемнің 6 елінен – Италия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстаннан Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарынан жалпы саны 200-ден астам спортшы қатысуда.

Айта кетейік, бұл жарыста Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады. Жарыс қорытындысы 28 қазан күні белгілі болмақ.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 772 рет