Сенбі, 09 Қараша 2019 22:31

Түркістан облысы: Арыста жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық тунир басталды

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет» деп атап өткен болатын.

Осы орайда, Арыс қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде еркін күрестен 2000-2002 жылғы жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алуға арналған ХХІV-ші халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Дәстүрлі халықаралық турнирге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларынан және еліміздің барлық облыстарынан 21 команда қатысып, бақтарын сынауда.

Турнирге арнайы келген Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы П.Қырықбаев турнирге қатысушы жас спортшыларға тек жеңіс жолында сәттілік тілеп, әлем біріншіліктері мен олимпиада ойындарында жеңімпаз болуларына тілектестігін білдірді. Қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама қойып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдау көрсетті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 648 рет