Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 13:37

Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды

Бүгін түнде Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды. Колледж студенттері мен ұстаздарының және облыс әкімдігінің бірлесіп, күш салуының арқасында Түркістан облысының командасы өткен жылмен салыстырғанда үш бөлім бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын иеленді (2018 жылы 7-орынды иеленген болатын). 

Түркістан облысы командасы мегополис саналатын Алматы қаласынан озса, кәсіби-техникалық білім беруден көш бастап тұрған ШҚО мен Ақмола облыстарына есе жіберіп алды.

Аталған чемпионатқа дайындалу үшін биыл жыл басында техникалық мамандықтарға қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып, студенттер тәжірибе алмасу үшін өзге өңірлерге арнайы барып, тыңғылықты дайындалған болатын. Нәтижесінде флористика, сылау ісі, заттар ғаламторы секілді салада – бірінші орында, автокөлік шанағы және тақта ісі бойынша – 2-орын, дизайн мен графика бойынша 3-орын иеленді. Енді халықаралық турнир мен келесі жылғы чемпионатқа дайындалып, бұдан да үздік нәтиже көрсетсе игі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 602 рет