Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 04:08

Түркістан облысы: Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті

Кентау қаласында қараша айының 14-17 күндері аралығында "Б.Саттарханов" атындағы БЖСМ спорт залында грек-рим күресінен 2005-2007, 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында спорт ардагері, "ҚР Дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген" медалінің иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті. 

Бас-аяғы 12 салмақ дәрежесінде өткен бәсекеге 300-ге жуық спортшы қатысты. Кентау қаласынан Бекболат Нұрсұлтан +57 кг салмақ дәрежесінде І орын, ал Серікбай Шадияр 52 кг салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған және жүлделі орындар иеленген спортшыларды жеңісімен құттықтап, бағындырар биіктеріңіз көп болғай деп тілек білдіргіміз келеді.️ Жалпы, өскелең ұрпақты спортқа баулу арқылы түрлі жат қылықтардан, құқықбұзушылықтардан, қылмыстан сақтандыруға болады. Әрі ол – зор денсаулықтың кепілі.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 542 рет