Дүйсенбі, 18 Қараша 2019 18:32

Түркістанда баскетболдан халықаралық турнир өтті

Биыл осымен екінші рет жалауы желбіреген бәсеке көне қаланың «Құрметті азаматы» Алик Валиевтің құрметіне арналды. 

Баскетболдан II халықаралық турнирге ұзын-ырғасы 22 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Қол добы шеберлерінің сайысына 300-ге жуық жас баскетболшы қатысты.Додаға республикамыздан бөлек Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен бірнеше командалар арнайы келгенін айта кеткен жөн. Жарыс қорытындысында 2004-2005 жылдары туған қыздар арасында I орынға – Павлодар командасы, II орынға – Ташкент, III орынға Түркістан облысының құрамасы қол жеткізді.

Ал 2006-2007 жылғы жасөспірім қыздар арасында үздік үштікке Түркістан облысы, Өзбекстан Республикасының Наманган және Самарқанд командалары тұрақтады. 2006-2007 жылғы ұлдар арасындағы тартысты ойында I орынды – Түркістан облысы, II орынды – Бішкек, III орынды Алматы облысының баскетболшылары еншіледі.

Жалпы, мұндай спорттық сайыстардың жасөспірімдерді шыңдауға зор септігін тигізері анық.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 519 рет