Сәрсенбі, 27 Қараша 2019 18:30

Түркістан облысы: Түлкібастық саңлақ биік белестерді бағындырып келеді

Жерлесіміз Тілектес Әділ Бақытжанұлы 1998 жылы Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Жастайынан спортты жанындай жақсы көретін Әділ еркін күрес, грек-рим спортымен шұғылданып келеді. 

Ерінбей төккен маңдай тердің арқасында Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы болып үлгерді. Сондай-ақ әртүрлі дәрежедегі халықаралық турнирлерде де топ жарып келеді. Жетістіктерін атап айтар болсақ.

2014 жылдың 3-8 қазан аралығында Армения қаласында еркін күресінен кадеттер арасындағы халықаралық турнирде 54 келі салмақ дәрежесінде 3-орын. 2017 жылдың 13-15 ақпан аралығында еркін күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 57 келі салмақ дәрежесінде 3-орын. 2017 жылы Көкшетау қаласында Есту қабілеті төмен жастар мен жасөспірімдер арасында грек-рим және еркін күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде 3-орын. 2018 жылы Ақтөбе қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының 2-ші Спартакиадасында грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орын. 2018 жылдың 26-31 наурыз аралығында Орал қаласында Есту қабілеті төмен жастар арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде 2-орын. 2019 жылдың 18-22 ақпан аралығында Талдықорған қаласында еркін күресінен есту мүшесі зақымдалған ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 57 келі салмақ дәрежесінде 2-орын. 2019 жылдың 16-18 тамыз аралығында Қостанай қаласы Грек-рим күресінен ересектер арасындағы командалық Қазақстан Республикасының чемпионатында 60 келі салмақ дәрежесінде 1-орын. Әділге алдағы уақытта биік шыңдардан көрінуіне тілектеспіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 874 рет