Сенбі, 03 Қазан 2020 19:09

Шымкент: «Саламатты ұрпақ» тақырыбы аяында үстел теннисінен турнир өтті

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қолдауымен «Аутрич мектебі» жобасы аясында «Саламатты ұрпақ» тақырыбында үстел теннисінен турнир өтті.

Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков және қалалық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ерлан Айтбаев қатысты.

Турнирді өткізудегі негізгі мақсат — NEET санатындағы жастарды салауатты өмір салтына насихаттау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру, аталған санаттағы жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту болатын.

Жалпы NEET ұғымы жастардың еңбектен, білімнен, әлеуметтік белсенділіктен өз еркімен немесе түрлі себептермен бас тартуын білдіреді. Көп жағдайда мұндай мінез-құлық жастардың қоғамнан алшақтауына әкеліп соқтырады. Олар әлеуметтік ортада өздерінің керексіздігін сезініп, жеке жол табуға ұмтылады. Суицид, дивиация секілді проблемалардың бәрі осыдан туындайды. Соңғы кезде Шымкент қаласы бойынша осы санатқа жататын 572 жас тіркелген екен.

Бүгінгі турнирге ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде тіркелген төрт аудан бойынша 16 жас қатысты. Жеңімпаздар кубоктар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 1006 рет