Сейсенбі, 27 Қазан 2020 21:47

Түркістан: Жаңа спорт кешенінде алғашы жарыс өтті

Облыс орталығында бой көтерген Спорт сарайында алғаш болып волейбол шеберлері сынға түсті.

Шаршы алаңда еліміздің жоғарғы лига командалары арасында Түркістан облысының намысын қорғайтын «Тұран» спорт ойын түрлері клубының командасымен Түркістан қаласының құрамасы бақтарын сынады. Тартысқа толы өткен ойында екі қоманда да аянып қалмады. Бес кезеңнен тұратын ойында 3:2 есебімен «Тұран» командасының волейболшылары мықтылық танытып, жеңіске жетті. Енді шеберлігімен көзге түскен спортшылар облыс құрамасына алынып, алдағы уақытта волейболдан жоғарғы лига командалары арасында өтетін Ел біріншілінде шеберлік шыңдайтын болады.

Ашық бассейні бар спорт кешені жүзу спортын дамытуға бағытталған. Бассейн ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, тереңдігі - 2,5 метр. Республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Спорт сарайында ойын және жаттығу залдарымен жасақталған.

Спорт нысанында алдағы уақытта облыстық және республикалық деңгейдегі волейбол, баскетбол, футбол, күрес түрлері, бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзуден, семсерлесу, садақ ату спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізу жоспарлануда.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 592 рет