Бейсенбі, 13 Мамыр 2021 19:35

Шымкент: Ауыр атлетикадан Азия чемпионына құрмет көрсетілді

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанған Арли Чонтейді марапаттап, құрмет көрсетті.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

– Әлемнің 25 елінен кіл мықтылар қатысып жатқан Өзбекстандағы Азия чемпионатында шымкенттік ауыр атлетші Арли Чонтей алтын медальге ие болды, - деп жазды қала әкімінің орынбасары Facebook-тегі парақшасында.

Aрли Чонтей 55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде, 255 (115+140) кг салмақты көтерді. Бұл жарысқа елімізден 17 адам қатысқан болатын. Алайда, тек Арли ғана медаль алып, 55 келі салмақта абсолютті чемпион атанды.

Осы орайда, қала әкімінің орынбасары спортшы мен бапкерлер қауымын арнайы қабылдап, сый-құрмет көрсетіп, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі.

– Спортшымыз бен спорт саласында ел намысын қорғап, аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді құттықтап, алғысымды білдіремін. Жеңісіміз көп болсын! – деді Мақсұт Пернебайұлы. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 568 рет