Сейсенбі, 01 Маусым 2021 13:03

Бәйдібек: Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін аудандық спорт кешенінде аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық жарыс өтті. Бозкілемді палуандар басқосқан спорттық дода ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай  ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков пен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков қатысып, сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, патриоттық сезімге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Нәтижелі ойын көрсеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің тиісти дәрежедегі дипломдарымен, медалдармен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 308 рет