Сейсенбі, 10 Тамыз 2021 18:34

Түркістан: Сарыағаш ауданының кикбоксшылары Қырғызстаннан жеңіспен оралды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы кикбосшылары Қырғызстаннан жеңіспен оралды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, Қырғызстан Республикасында кикбоксингтен спорттық клубтар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Аталмыш чемпионатқа Сарыағаш ауданының «Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» командасы қатысып, жүлделі орындармен оралды. Атап айтқанда, әртүрлі салмақ дәрежесінде жүлделі орын иеленген Ерасыл және Нұрасыл Ергешбай жүлделі 1-орын, Бекарыс Талип 2-орын, ал, Ақарыс Талип 3-орынға қол жеткізді.

Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларымызға алдағы уақытта да жеңіс пен толағай табыс тілейміз.

Жалпы, айта кету керек жарысқа Сарыағаш ауданынан 5 спортшы аттанған. 300-ден аса спортшы қатысқан жарыста Сарыағаш ауданының ағайынды-егіздері алтыннан алқа тағынып, жеңіспен оралды. Табандылық танытып, Азия чемпионатында еліміздің мерейін үстем еткен жас спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 1538 рет