Бейсенбі, 22 Қыркүйек 2022 15:42

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында кезекті республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды.

Шара қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Бәйгеде еліміздің түрлі аймағынан келген ең жасы 8 жасар спортшыдан бастап, 17 жасқа дейінгі спортшы бақ сынасуда.

Жалпы саны 64 спортшы Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген.

Доданың ашылуында алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы, «Бүгінде бұқаралық спортты дамыту мақсатында шаһардың материалдық базасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 231 спорт нысаны тұрғындар игілігіне жарауда.

Ендігі мақсат – спорт нысандарының санын одан ары көбейтуіміз керек. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалынып жатқан үлкен мүмкіндік» деді.

Одан бөлек, қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен қалалық мәслихат хатшысы Марат Асылбекұлы қатысушыларға ізгі тілегін арнап, сәттілік тіледі.

21-ші қыркүйектен бастау алған шара 25-ші қыркүйекке дейін өтеді. Мекен жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала 166 квартал, 241-ші ғимарат облыстық «Теннис орталығы».

Оқылды 229 рет