Сәрсенбі, 28 Қыркүйек 2022 21:04

БОКСТАН СЕЙІЛХАН САТТАРХАНҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР АШЫЛДЫ

Облыс орталығында Сейілхан Саттарханұлын еске алуға арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы ашық турнир басталды.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға 12-13 жас аралығындағы 120 спортшы қатысуда.

Сейілхан Саттарханұлы – Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», өнегелі өмірін шаһар дамуына арнаған жан. Әрі жастар арасындағы бокстың дамуында елеулі еңбек еткен азамат.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы «Сейілхан ағамыздың өнегелі өмірінде жасаған игі істері көпке үлгі-өнеге. Бүгінгі шараның мақсаты да жастар арасындағы спортты дамыту. Осындай арда азаматтардың атқарған абыройлы істерінен үлгі көрсету» деді.

Сонымен қатар, Сейілхан Саттарханұлының жұбайы Сырлыкүл апа сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Жиын барысында орталықтың спорт саласында елеулі еңбек еткен азаматтар мен түрлі сала өкілдері

сөз алып, ізгі тілектерін жеткізді. Сейілхан аға туралы естеліктерімен бөлісті.

Айта кетейік, 15 түрлі салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатқан шараның ақтық ойыны 1-ші қазанда өтеді.

Оқылды 293 рет