Бейсенбі, 17 Қараша 2022 14:45

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ “ОРДА” ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бұқаралық спорт түрлерін дамыту - ел саулығының кепілі болмақ. Осыған орай, Шымкентте жергілікті атқарушы қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисі, гір тасын көтеру, шахмат сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Нәтижесінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Орда» құрамасы жекелей алғанда кіші футболдан IV , волейболдан I, жүзуден I , шахматтан I , гір тасын көтеруден VII , үстел теннисінен III , 100 метрге жүгіруден I , ал жалпы командалық есепте 115,5 ұпай санымен I орынды иеленді.
Айта кететін, «Шымкент» командасын футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы болған еді.
«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді.
Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.
Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.
Футбол – халықтың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың ең қолжетімді, танымал және бұқаралық сипаттағы спорт түрлерінің бірі. Дене тәрбиесінің қалпытасуында ойын жетекші орын алады. Футбол — достық, жолдастық, өзара көмек сезімін қалыптастырады; жауапкершілікті сезіну, серіктестер мен бәсекелестерге құрмет, тәртіп, белсенділік сияқты құнды адамгершілік қасиеттерді дамытады. Әрбір футболшы өзінің жеке қасиеттерін көрсете алады. Мәселен, дербестік, бастамашылық, шығармашылық. Сонымен бірге ойын жеке ұмтылыстарды ұжым мүддесіне бағындыруды талап етеді.
Жалпы бұл спорт түрі дене шынықтыру мен спортты насихаттаудың қуатты құралы. Адал жекпе-жек өнері, жоғары орындаушылық шеберлік, дене шынықтыру миллиондаған жанкүйерлердің терең қанағаттануын, ләззатын, қуанышын ғана емес, сонымен қатар кез-келген жасөспірімді футбол алаңдарына, спорт алаңдары мен залдарына әкелетін қызығушылықты тудыратын спорт. Көптеген атақты спортшылар спорттық өмірбаянын футболға деген құштарлықтан бастады.
«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.
Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

Оқылды 2270 рет