Сейсенбі, 28 Тамыз 2018 09:08

Түркістан облысы: Шардарадағы көше бойындағы билбордта – кілең чемпиондар

Шардара қаласындағы «ШардараАрмспорт» спорт клубының жанындағы көшеге кілең шардаралық чемпиондардың бильордтары ілінді. Бұл құрмет негізінен қол күресі, гир көтеру және ауыр атлетика бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп жүрген спортшыларға арналып отыр

Атап айтар болсақ, армрестлинг спортынан әлем чемпиондары Шынболат Райxанов, Қыдырғали Оңғарбаев, Талғат Ақтаев, Нұрдәулет Айдархан, Мағжан Шәмиев, Ержан Әбілда, Жазира Ақбаева, Талғатбек Рүстембек, Қыдыр Өсербай, Нұрхан Қадыр, Ердәулет Сарыбай, Дәурен Әбсаттар, армрестлинг спортынан әлем кубогының иегерлері Нұрдәулет Сәдуақасов, Медет Құттымұратов, армрестлинг спортынан Азия чемпиондары Ғалымжан Қарсыбаев, Ләззат Мәлікайдар, армрестлинг спортынан әлем чемпионатының жүлдегері Медет Оразбеков, гир көтеру спортынан Қазақстан Республикасының чемпиондары Медет Әуесбек, Нұрболат Ергешов, ауыр атлетика спортынан Қазақстан Республикасының чемпионы Аружан Ерімбет есімді шардаралық жастардың жеңісті сәттері бильборд бетінен көрініс тапқан.

«Қазақстанды спорт арқылы танытайық», «Біз салауатты өмір салтын насихаттаймыз», «Шынықсаң, шымыр боласың» тақырыбымен ілінген осынау көрнекілік құралдары бірінші кезекте әрбір жасты спортпен шұғылдануға үндесе, екіншіден олардың бойында жерлес чемпиондарға деген мақтаныш сезім ұялататыны сөзсіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1440 рет