Бейсенбі, 18 Мамыр 2023 20:53

Түркістан облысында алғаш рет өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді

Түркістаноблысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырды.

Кез келген төтенше жағдайға сақадай-сай дайын болу қажет. Бұл – өрт сөндірушілерге қойылатын басты талап. Күн сайын мамандардың дайындықтары сыналады. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нағыз оқыс оқиғаның ортасында. Олар қызыл жалынмен күреседі, адамдардың өмірін құтқарады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі. Жарыстың негізгі мақсаты - облыс аумағындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын әзірлікте ұстау және өзара іс-қимыл әрекеттерін пысықтау. Жарысқа қатысушы командалар өрт-құтқару спортының суды бере отырып күштер мен құралдарды өрістету, дабыл бойынша жиналу, үш иінді сатымен көтерілу сынды кезеңдерден бақ сынады.

Жалпы ойынға 6 команда қатысып, нәтижесінде 1-орынды «Комплекс Услуг Безопасности Астана» командасы, 2-орынды «АзияТехПожСервис» ЖШС, 3-орын «Волковгеология» АҚ жеңіске жетті.  Жүлделі орынға ие болған командаларға арнайы диплом мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.

Өртке қарсы қызметкерлерінің кәсіби қызметінің негізгілерінің бірі - өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары. Өрт сөндіру құралдарын тез арада жаю, адамдарды құтқару, мүліктерді эвакуациялау, биіктікте, түтін мен жоғары температурада қызмет атқару, қиын жағдайда әр түрлі кедергілерден өту жеке құрамнан өз борыштарын өтеуден басқа денсаулық пен төзімділікті, күш жігер мен қайратты талап етеді. Осы қасиеттер спортшы-өрт сөндірушілерде бар. Бұл азарттық құмарлық спорт емес, адамдардың өмірін құтқаратын спорт түрі. Бұл спорт түрі жыл сайын біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде дамып келеді. Яғни бұл өрт сөндіру-құтқару спортының қажеттілігі екенін көрсетеді.

Қазақстандағы өрт сөндіру-құтқару спортына биыл 68 жыл толып отыр. Қазір құтқару спорты ұлдар мен қыздар арасында танымал. Ол өзінің ойын-сауығымен және эмоционалдылығымен өзіне тартатындығы жасырын емес. Мұнда сіз тез әрекет етіп, шешім қабылдауыңыз керек, ең бастысы – бір-біріңізді сезіну. Себебі бұл командалық спорт. Старт бір уақытта жеті спортшыға беріледі, және олар снарядтарға, жеңдерге жүгіріп жеткенде, олар резервуардан суды  бір-біріне хабарлай отырып, нысанаға таратуы керек.

Кез келген тәртіп сияқты, өрт сөндіру-құтқару спорты да ерік-жігерді тәрбиелейді, рухты нығайтады. Өйткені, өмір кедергілер мен сынақтардан тұрады, ал спорт оларды жеңуге көмектеседі.«Өрт сөндіру-құтқару спортына адамдар қаншалықты көп қатысса, жазатайым оқиғалар да соншалықты аз болады. Бұл дағдылар күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін, сондықтан сіз тез әрекет етуіңіз керек, үрейленбеңіз және біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесіңіз»,-дейді түркістандық төтеншеліктер

Өрт кезінде ең қорқыныштысы – сасқалақтық пен үрей. Қауіпсіз жерге шығуға от пен түтін аз мүмкіншілік беріп жатқанда, құнды минуттарды жоғалтасыз. Міне, әр адам өрт кезіндегі бастапқы ережелерді білуі керек. Олармен таныс болыңыздар, мүмкін күндердің күнінде бұл сіздердің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалар.

– Өртті көрген кезде, жағдайды парасатты бағалап, бар күшіңізді жинап, өзіңізге көмекші табыңыз.

– Ең алдымен өрт сөндіру қызметін (101 телефоны, көршілер, радиостанция, қызметтік автокөліктер, полиция, жедел жәрдем, авариялық қызмет т.б.) шақыртыңыз.

– Тәуекелді жағдайда мүлікті құтқаруға бекер күшіңіз бен уақытыңызды жоғалтпаңыз.

– Бастысы – кез келген тәсілмен өзіңізді және қайғыға ұшыраған басқаларды құтқаруға тырысыңыз.

– Балалар мен қарттарды құтқаруға тырысыңыз. Оларды өрт болып жатқан жерден әрі алып кетіңіз, себебі ол жерде газ баллондардың, бензобактардың атылуы және өрттің тез дамуы мүмкін.

– Өрт сөндірушілерге дұрыс ақпарат (нақты мекен-жайды, қысқа келетін жолды, не өртеніп жатқанын, ішінде адамдар санын) беру үшін міндеті түрде оларды алдарынан шығып, күтіп алу қажет.

– Егерде үстіңізде киім жана бастаса, жүгіруші болмаңыз, себебі жалын одан сайын лапылдауы мүмкін;

– Жанып жатқан киімді үстіңізден дереу шешуге тырысыңыз;

– Маңайда көлшік немесе қалың қар болса, соған сүңгіңіз;

– Жоқ болса, жерге құлап, жалын сөнгенше аунаңыз;

– Үстіңізге қалың мата жабыңыз, бірақ басыңызды ашық қалдырыңыз;

– Дәрігерге қаралмай, күйген жерлерден киіміңізді шешуге тырыспаңыз.

Егер де подъезде өрт болса:

– Подъезге шығушы болмаңыз, себебі түтін өте улы, ал ыстық ауа өкпеңізді күйдіріп жіберуі мүмкін;

– Ең алдымен «101 немесе 4-24-01» телефонына ӨРТ сөндіру қызметіне қоңырау шалыңыз;

– Төменге қарай жіппен, ақ жаймамен, су құбырымен түсу өте қауіпті. Терезеден секіру мүлдем қауіпті;

– Үйіңізге түтін кірмес үшін кіреберіс есігіңізді су матамен мықтап жабыңыз;

– Ең қауіпсіз жер – балконда немесе терезенің қасында. Ең алдымен өрт сөндірушілер сізді сол жерде таба алады. Далада суық болса, жылы киініңіз, артыңыздан балконның есігін жабыңыз.

Өрт шыққан уақытта объект әкімшілігінің іс-әрекеті біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен адамдарды қоныс аударуға бағытталу керек.

Өрт шыққан кезде персонал міндетті:

- өрт сөндіру қызметіне 01 телефоны арқылы тез арада хабарлап, сондай-ақ объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерін, не жанып жатқанын және ғимараттағы адамдар саны туралы хабарлау керек;

- адамдар өміріне қауіп әкелетін жағдайларда тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарын, қолдағы бар күш пен құралдарын пайдалана отырып  олардың құтқаруын шұғыл ұйымдастыру керек;

- өртке қарсы қорғау жүйесінің жұмысын тексеру (өрт жайында адамдарды хабарлау, өрт сөндіру, түтіннен қорғау);

- қажетті жағдайда электр энергиясын сөндіруге (өртке қарсы қорғау жүйесінен басқаны), лифт жұмысын тоқтатуға;

- авариялық және басқа үй жайларында желдеткіш жүйесінің жұмысын тоқтату, ғимарат үй жайларының түтіндеуін, өрттің өрбуін тоқтатуға ықпал ететін басқадай шараларды орындауға;

- ғимараттағы өртті жою шаралармен байланысты жұмыстан басқа барлық жұмысты тоқтатуға;

- өрт болған уақытта терезе мен есіктерді ашпауға, сондай-ақ шыныны сындырмауға. Ғимарат немесе үй жайынан шыққан уақытта терезе мен есіктерді жауып кетуге, өйткені кірген таза ауа өрттің тез жайылуына ықпал етеді.

Объект басшысы міндетті:

- өрт сөндіру қызметінің құрылымдары келгенге дейін (объектінің спецификалық ерекшелерін есепке ала отырып) өрт сөндіру бойынша жалпы

басшылықты жүргізуге;

- өртті сөндіруге қатыспайтын қызметкерлерді қауіпті аймақтан тыс жерге шығаруға;

- өртті сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;

- өртті сөндірумен қатар қоныс аудару мен материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға;

- өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуға және өртке жақындайтын ең қысқа жолды көрсетуге;

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, кәсіпорын басшысы (немесе оны ауыстыратын адам) өртті сөндіру басшысына ғимараттағы адамдардың саны, объектілердің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктері, жақын орналасқан құрылыстар мен ғимараттар, объектілерде сақталатын және қолданатын қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті материалдар, заттардың саны және өрт қауіпті белгілері, сондай-ақ өртті тез сөндіру және өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға міндетті, сонымен бірге өртті жоюға байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында объектінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастыруға міндетті.

Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико - химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Пеш жаздың күні міндетті түрде жөндеуден өткізілуі тиіс. Балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынады.

Өрт оқиғаларына басты себепшілердің бірі газ баллондарды пайдаланудағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып отыр. Газ баллоны өртке қауіптілігімен бірге, үйде жарылысқа себепші болып, үлкен апатқа да соқтыруы мүмкін. Газ баллоны газ плитасына дұрыс орнатылуы қажет. Газ баллоны газдың шығып жатқанын, тек сабын көпіршіктері арқылы тексеруге болады. Газдың иісін ауадан сезген уақытта сіріңке жағуға, темекі шегуге, басқа да электр қондырғыларын іске қосуға болмайды.

Газ шыққанын байқасаңыз, тез арада есік пен терезені ашып бөлмені желдетіп, баллонды далаға шығарып, апаттан құтқару қызметіне хабарласыңыз. Баллонды қыздыруға, егер баллон бұзылған болса, оны өзіңіз жөндеуге тиым салынады.

Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Үйге жарық тартқан кезде, көбінесе, оның дұрыс орнатылуы ескеріле бермейді. Ескірген сымдарды қолдану да кездеседі. Осы жәйттардың барлығы аяғында өртке әкеп соқтырады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті.

Сондықтан, үйдегі электр желілеріне салмақ түсіретіндей 2 - 3 электр затын бір мезетте электр қуатына қоспау керек.

Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолынасіріңкеұстапойнағанжасөспірімдердіңабайсыздығынанболғанөртоқиғалары аз емес. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрттерді сөндірудің негізгі құралдары:

Су — өртті сөндірудің негізгі құралы. Су электр өткізгіш, сондықтан оны тоқта тұрған жүйелер мен жабдықтарды сөндіруге пайдалануға болмайды. Электр сымдарға судың түсуінен қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.

Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қарапайымы болып табылады. Оның отты сөндірудегі әрекеті — ол жанғыш затты салқындатады.

Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді.
Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Олар химиялық зертханаларда, кітапханаларда, мұражайларда және басқа да жайларда кеңінен қолданылады. Бұл өрт сөндіргішті қуаттандыру үшін үлкен қысымда тұрған сұйытылған көмір қышқылы (көміртек диоксиді) қолданылады.

Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады.
Қазіргі уақытта құрғақ ұнтақтармен толтырылған ұнтақты өрт сөндіргіштер көп таралған, олар өрт аумағына түсіп, отты сөндіретін зат бөледі.

Ұнтақты өрт сөндіргіштер тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың, газдардың, ағаш өнімдерінің, тоқ қысымында тұрған электр сымдардың, сілтілі металлдар мен өздігінен жану қасиеті бар басқа да заттардың жануын сөндіру үшін қолданылады.

Өрт қауіпсіздігі ережесі

ҮЙДЕГІ ӨРТ

Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101 - ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

Сіздің әрекетіңіз:

1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.

2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.

3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.

4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.

5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.

6. Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.

7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы, жиі демалу, жүрек айнуы, сананы жоғалту.

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.

Сіздің әрекетіңіз:

1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.

2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.

3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.

4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.

АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ

Сіздің әрекетіңіз:

Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңыз.
Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

- құрылыстық - жобалау;

- техникалық;

- ұйымдастырушылық;

Құрылыстық - жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады.
Техникалық шараларына мыналар кіреді:

- өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т. б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

- құрал - жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

- әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Ұйымдастырушылық шаралар құрамына өрт қауіпсіздігі бойынша оқу өткізу, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын тексеру кіреді.

Өрт қауіпсіздігі ережелері

Тілсіз келіп, тұтқиылдан тап беретін жаулардың бірі - өрт. Соңғы кезде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өрт жағдайлары жиілеп отыр.

Өрт шыққанын білгенде: - Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз; - Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, не жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды; - Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз; - Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз; - Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады, түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүктүсіп өту керек; - Ауыз-мұрныңызды дымқыл матамен жауып, пәтердегі барлық адамдарды балконға алып шығыңыз. Балкон болмаған жағдайда, терезені ашып, сырттағыларға белгі беріңіз. Олардың сізді естігеніне сенімді болсаңыз, барлық адамдарды алып, жуыну бөлмесіне кіріп, есігін ішінен мықтап жабыңыз. Ол жерде суды ағызып, үстілеріңіздегі барлық киімді сулау керек. Сол жерде көмек күтіңіз.

Не істеуге болмайды: - Киіміңізге от тигенде жүгірмеңіз. Ол оттың одан сайын өршуіне әкеледі. Егер жаныңыздағы адамның киімі жанып жатса, оны өшіру үшін үстіне дымқыл мата жабыңыз; - Терезелерді ашып, түтінді шығаруға болмайды. Таза ауа отты өршітеді; - Лифтті қолданбаңыз. Өрт кезінде электр тоқтары өшірілетін болғандықтан, лифт кез келген жерде тоқтап қалуы мүмкін;

Зардап шеккендерге алғашқы көмек: - 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақырыңыз; - Өте үлкен күйікке шалдыққан адамды үлкен матаға немесе төсек жаймасына орап,  ыстық сусын беріп, жылылау керек; - Түтінге уланған адамды таза ауаға алып шығу қажет.

Өрттің алдын алу үшін: - Электр тогы мен газ құбырларын үнемі тексеріңіз. Қандай да бір ақау барын байқасыңыз, бірден арнайы мамандарға хабарласыңыз; - Өрт сөндіргішті қолданып үйреніңіз және оны отбасыңыздың мүшелеріне де көрсетңіз; - От жағуға арналған сіріңке, оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз; - Балаларыңызға Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің нөмірлерін жаттатыңыз: Өрт сөндірушілер – 101; Полиция – 102; Жедел жәрдем – 103; Газ апатынан құтақру қызметі – 104;

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – өміріңізді сақтап қалудың бірден-бір жолы! 

Білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелері

Жалпы білім беретін мекемелерде мектеп директорлары өрт қауіпсіздігі мен қызметкерлерді Өрт-техникалық минимумға оқытуға жауапты тұлғалар болып табылады. Алайда, олар бұйрықпен мектептегі өрт қауіпсіздігі мен өрттен қорғауға жауапты адамды тағайындай алады. Қажетті оқытудан өткен осы жауапты тұлға мектептегі өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа және оқыту бағдарламасына сәйкес басқа адамдарды тарта отырып, оқытуды ұйымдастыра және жүргізе алады.

Балалар тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарында және мектепке дейінгі балалар ұйымдарында телефон байланысын қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсету персоналының тәулік бойы кезекшілігі белгіленеді және білім алушылармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларын және өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдарды зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Бастауыш білім оқушыларымен, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар ұйымдарында өртке қарсы тақырып бойынша әңгімелесулер жүргізіледі. Жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізу қажет.
Оқу сыныптары мен кабинеттерiнде шкафтарда, сөрелерде немесе тұрақты орнатылған тiреулерде сақталуы тиiс оқу процесін қамтамасыз етуге қажеттi жиһаздар, аспаптар, үлгiлер, керек-жарақтар, құралдар ғана орналастырылады, жәнеде сыныптарда, кабинеттерде, шеберханаларда, жатын бөлмелерде, асханалар мен басқа да бөлмелерде жиһаздар мен жабдықты орналастыру кезiнде адамдарды кедергiсiз эвакуациялау және өрт сөндiру құралдарына жету қамтамасыз етiледi.

Жұмыс аяқталғаннан кейін үздіксіз жұмыс істеу үшін көзделгендерден басқа, электр аспаптарын өшіре отырып, барлық үй-жайларға тексеру жүргізіледі. Бастауыш, орта және орта мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігін, олардың денсаулығы мен өмірін сақтайтын өрт кезіндегі тәртіп ережелерін үйрету өте маңызды.

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Өрт - әрдайым алапат, ауыртпалық, бақытсыздық. Соған қарамастан, көпшілік адамдар өрт кезіндегі қарапайым ережелерді білмейді. Бала күннен белгілі – «101-ге қоңырау шалу»-дың өзін үрей, байбалам кезінде естен шығарып, ұмытып кетіп жатамыз. Басты ереже - ешқашан үрейленіп, байбалам күйге түспеу!

Өрт қауіпі өнеркәсіп пен мекемеде ғана емес, тұрмыста да кездеседі: - тұрғын үйде, жеке автокөлікте және көлікжайда да, саяжайлық аумақта және т.с.с. Сондықтан, өнеркәсіпте қамтамасыз еткендей, тұрғын жай және басқа орындарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш және т.с.с.) қамтамасыз ету қажет.

Пәтерлер мен тұрғын бөлмелерде:

- жанғыш заттар, жеңіл тұтанғыш заттар және газ баллондарды балкондарда және лоджияларда сақтауға;

- төсекте және арнайы темекі шегуге әзірленбеген жерлерде темекі шегуге;

- екі қабаттан жоғары үйлерде газ балондарын қолдануға;

- балкондар мен лоджиялардан темекі тұқылын лақтыруға;

- әзірленіп жатқан асты газ немесе тоқ плитасында қараусыз қалдыруға және тұрмыстық электр құрылғыларын (теледидар, үтік, шәйнек, шаш кептіру құрылғысы және т.с.с.) тоққа қосылған күйінде қалдыруға;

- балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Ең бірінші әрі міндетті ережені есте сақтаңыз: пәтерде түтіннің әлсіз иісі келген кездің өзінде, ашық жалынның өзін айтпағанда, «101» немесе «112» ге қоңырау шалу керек.
Өртті өз күшімен сөндіру көп жағдайларда нәтижесіз болады да уақытты жоғалтуға себеп болады және ол өрттің едәуір өршіп таралуына әкеліп соғады.

Өрт сөндіру қызметіне хабарласқаннан кейін, ересектер мен балаларды, қарттар мен сырқат адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жақын пәтерлердегі көршілеріңізді хабардар етіңіз. Пәтердегі немесе саты алаңындағы электр қалқанын қолданып электр көзін өшіріңіз. Ас бөлмесіндегі газ келетін жүйені жабыңыз. Егер сіздің үйіңіз түтін шығару жүйесімен қамтамасыз етілген болса , оны іске қосыңыз. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей өртті қолда бар құралдармен – шелектегі сумен, өрт сөндіру құралымен, дымқыл тығыз матамен және т.с.с сөндіруге кірісіңіз.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат»

Оқылды 302 рет