Жетісай: Полицейлер көршісінің атынан несие рәсімдеген жас жігітті анықтады

Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс біреу оның атынан 900 000 теңгелік «iPhone» ұялы телефонына тауарлық несие шығарып алған. Яғни жәбірленуші банктен хабар келгенде, өзге біреудің несие алғанын біледі. Содан жергілікті тұрғын тез арада жетісайлық тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Жетісай ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің телефонын уақытша сұрай тұрып, тауарлық несие шығарған. Содан оны қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттілігне жұмсаған. Қазіргі таңда жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде жәбірленуші әйел полицейлерге алғысын жаудырды: «Несиеге қатысты мәселе туындағаннан полицейлерге арыздандым. Мұндағы балаларым іздестіру жұмыстарын жақсылап жүргізіп, соның нәтижесінде күдіктіні анықтады. Осыған байланысты аналық жүрегіммен рақметімді айтамын! Жұмыстарың алға баса берсін, Алла разы болсын!»-деп атап өтті.

Бәйдібек: 50-ге тарта жылқының мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілінді

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің полицейлері жергілікті тұрғындармен жол апатының басты себептері мен оның алдын алу мәселесін зерделеп, талқылады. Сонымен қатар жыл басынан бері аудан бойынша орын алған жол апатының 5-еуі жолға шыққан үй жануарларының кесірінен болғаны айтылды. Осыған байланысты Бәйдібек АПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының бастамасымен малдардың қатысуында болатын жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жылқылардың мойнына жарық шағылыстыратын таспалар ілуге шақырды.

Ал ауыл тұрғындары полицейлердің ұсынысын қолдап, көбісі өз малдарына орналастыруда жұмыс жасады. Бұл таспаның ерекшелігі сол, қараңғы кезде жүргізушілердің көзіне алыстан түседі. Жалпы жол-көлік оқиғасының басты себептерінің бірі - көлік жүргізушілерінің жауапкершілігінің аздығы, автокөлікті шамадан тыс қатты жүргізуі, мал иелерінің малдарын бақылаусыз жіберуі, жолдарда мал өткелдерінің болмауы. Сондықтан жол апатын болдырмауға бағытталған кез келген оңды ұсыныстар мен пікірлер жүйелі түрде іске асырылмақ.

 

Түркістан: Қылмыстық іздестіру қызметіне - 104 жыл!

Түркістанда қылмыстық іздестіру қызметінің 104 жылдық мерекесі аталлып өтті.

5 қазан - Қылмыстық іздестіру қызметінің төл мерекесі. Бұл сала ішкі істер органында асқан жауапкершілікті және кәсібилікті талап ететін құрылым болып саналады. Себебі бұл қызметкерлер, қылмыскерлерді дер кезінде құрықтап, түрлі қылмыстардың ашылуында қалтқысыз қызмет етеді. Аталмыш мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов алып: «Қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне биыл 104 жыл толып отыр. Бұл сала мен үшін қашанда ыстық көрінеді.

Өйткені мен өзім осы салада жедел уәкіл болып қызметімді бастағанмын. Осы жерде отырған бірқатар ардагер ағаларымыздың тәлім-тәрбиесін алып, талай қылмыстардың ашылуына себепкер болдық. Осы сәтті пайдалана отырып, қылмыстық іздестіру саласындағы әріптестерімді, ішкі істер саласының ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтаймын!»-деп атап өтті. Одан кейін облыстың бас полицейі М.Қабденов, сахна төрінде өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жедел уәкілдерді марапаттады. Нақтырақ айтсақ, ҚР ІІМ-нің бұйрығымен кезектен тыс полиция полковнигі арнаулы атағы Мәди Қожамұратовқа берілді.

Ал бір саты жоғары полиция подполковнигі арнаулы атағы, Жәнібек Қуанышевқа берілді. «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция подполковнигі Талғат Қабыш, полиция майоры Ердәулет Амантаев марапатталды. І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісін аға жедел уәкіл Жамбыл Жандаров иеленді. ҚР ІІМ-нің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен 2 қызметкер наградталды. Сонымен қатар министрліктің Грамотасымен 4 қызметкер, Алғыс хатымен 4 қызметкер марапатталды. Түркістан облысы Полиция департаментінің «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісі 10 қызметкерге берілсе, Грамотасымен 6 полицей, Алғыс хатпен 6 қызметкер марапатталды.

Оған қоса жедел-іздестіру қызметінің қалыптасуына қосқан үлесі үшін полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығы 30-ға тарта ІІО ардагерлеріне салтанатты түрде тапсырылды. Өз кезегінде Ішкі істер органының ардагері отставкадағы полиция полковнигі Мамыр Нұрханов құттықтау сөзін айтып, өзінен кейінгі қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.

Марапаттау рәсімінен соң, "Қылмыстық іздестіру қызметінің 104 жылдығына" арналған бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңы облыстық өнер жұлдыздары мен өнерпаз полицейлердің мерекелік концертіне ұласты. Осы ретте кез - келген қылмыстың жедел ашылуына жанын салып, мінсіз қызмет етіп жүрген жедел уәкілдерді мерекелерімен құттықтаймыз!

 

ШЫМКЕНТ: ЖОЛДАУ ЖАСТАР ҮШІН МІНДЕТТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова Еңбекші ауданының жастарымен кездесті. Кездесудің мақсаты - қаламыздағы жастардың түрлі бағыттағы мәселелері мен ұсыныс пікірлерін тыңдау.

Еңбекші аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында өткен кездесуде жастармен бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жастардың  жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін мәселелері және орта арнаулы оқу орнындағы бітіруші мамандық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар, жеке кәсіпкерлік, жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй және білім саласы төңірегінде мәліметтер айтылып, пікір алмасты. 

Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Жолдау – жастардың бойында азаматтық позицияны арттырып, патриоттық сезімді оятты. Оларды қоғамға бейімдеп, келешекте отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бей-жай қарамай оған  үлес  қосуға шақырды. Кездесу барысында Мөлдір Тұрсынбекқызы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап беріп, сәттілік тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады.

 Онда жаңа, әділетті Қазақстанды құру жөніндегі кезекті қадамдар белгіленді. Сондай-ақ, елімізде қордаланған мәселелерді шешу жолдары, халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған, мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі әлеуметтік қолдау шараларына қатысты жаңа міндеттер де назардан тыс қалмады. Жолдауда жастарды баспанамен амту мәселесі де айтылды.




ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ - БАСТЫ МІНДЕТ

Қазақстанның әділетті мемлекет болуының негізін құраушы буын – жастар. Сондықтан болар Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жастарды қолдайтын бастамаларға көбірек мән берді. Бүгін Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов университетінде «Аманат» партиясының Шымкент қалалық филиалы  Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов студенттермен кездесуінде Жолдауды жүзеге асыру төңірегінде пікірлесті. 

 

Жолдауының үшінші бағытында жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сапалы білім алуы мен жұмыспен қамту және жас кәсіпкерлерді қолдау жөнінде айтылған. Кездесу барысында Мұратәлі Оразалыұлы Мемлекет басшысы жастарға көп үміт артып отырғанын, әділетті қоғам құруда жас буынның рөлі үлкен екенін жеткізді.

–Дамыған елдердің тарихына үңілсеңіз алдымен жастарға көбірек көңіл бөліп, олардың саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қолға алғанын байқаймыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Жаңа Қазақстанды құруда жас буынға үміт артқаны Жолдауда айқын көрініс тапты. Қазір жоғары оқу орнын аяқтаған жас түлектерді жұмысқа орналасу мәселесі алаңдататыны рас. Жастарға жан-жақты қолдау мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі екенін айтып, келесі жылы 100 мың жастыҢ жұмыспен қамтылатынын жеткізді. Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген тәртіппен 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін мәлімдеді. Алдағы уақытта еліміздегі шағын бизнесте  жастардың тың бастамаларымен жаңа деңгейге көтерілетініне нық сенімдімін. Берекелі қоғамның бастауы, әділетті мемлекеттің негізі де жастар, - деді ол.

Айта кетсек, бүгінде жастармен бірлесе Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы маңызды мәселелерді іске асыру жөнінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай пікірлесу алаңы қала жастары арасында мемлекет тарапынан жасалатын мүмкіндіктерді терең насихаттауға жол ашады.

Мақтаарал: Қылмыстық іздестіру мерекесіне орай футболдан турнир өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қылмыстық іздестіру қызметіне (криминалдық полиция бөлімі) 104 жыл толуына орай Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан "Алпамыс батыр" мәдениет спорт кешенінде "Мақтаарал футбол клубының" жаттығу алаңында кіші футболдан турнир өткізілді. Турнирге жалпы Мақтаарал АПБ қызметкерлерінен 6 команда жинақталып, кубокты өзара сарапқа салды.

Тартысқа толы өткен бұл турнирде ұпай саны бойынша кубокты Мақтаарал АПБ ЖПҚ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары жеңіп алды, 2-ші орын Мақтаарал АПБ криминалдық полиция қызметкерлеріне бұйырса, ал Мақтаарал АПБ Атакент кентінің учаскелік полиция инспекторлары 3-ші орынды қанағат тұтты!

Өз сөзінде Мақтаарал АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Сәруар мырза ғасырлық тарихы бар саланың мемлекет үшін маңыздылығын тілге тиек етіп, қылмыс болған орынға тез жетіп, ширақ қимылдап, құқық бұзушыны жедел тауып жүрген азаматтардың қажырлы еңбегін айрықша атап өтіп, барша Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтады!

 

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРДЫ ЖЕР ТЕЛІМІМЕН АЛДАҒАН ӘККІ АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

  «Мұрагерлік жолмен әкеңнің жер телімін заңдастырып беремін» деп тұрғындарды алдаған жігіт сотталды.

Жетісай ауданында жер теліміне қатысты алаяқтық жасаған ер адамның кінәсі дәлелденіп, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Нақтырақ айтсақ, Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, 2020 жылдың қазан айында өзіне жақын таныс емес адамның сөзіне сеніп, 60 000 теңге ақшасын бергенін жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, оған танысы «әкеңнің атындағы аумағы 0,9 га жерді өзіңнің атыңа заңдастырып беремін» деп әбден иландырған.

Алайда арадан 1 жылдан астам уақыт өтсе де не жерін, не ақшасын ала алмаған. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Дәл осындай арызбен полицияға тағы бір ер адам келген. Бұл жолы күдікті жәбірленушінің 55 000 теңгесін алып, ұшты-күйлі жоқ болған. Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғындарды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алды.

Мұқият істі зерделеді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Яғни күдікті ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Алаяқтық дерегімен тіркелген іс бойынша құжаттар жинақталып, айыпталу актісімен бірге сотына жолданды. Нәтижесінде сот 31 жасар ер адамды ҚР ҚК-нің 190-бабымен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Туысының донер жасайтын аппаратын ұрлаған

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, пәтерінде тұрған құны 130 000 теңге болатын донер жасайтын аппаратын белгісіз біреу жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Кентаулық қырағы жедел-тергеу тобы тұрғынның мүлкін жымқырып, ұрлық жасаған күдіктіні анықтау мақсатында әрекет етті. Көрген-білгендерден сұрастырды. Жау алыстан келмейтінін ескеріп, осы бағытта жан-жақты тексеру жүргізді.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті ретінде жәбірленушінің бұрын сотты болған туысы екені расталды. Анықталғандай, туысының үйінде ешкім жоқ сәтте кірген сезікті рұқсатсыз аппаратты алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан оны Түркістан қаласына апарып сатып, ақшасын өз қажеттіліген жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді. Жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

Түркістан қаласының жас кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің ұйымдастыруымен

«Жетістікке жету жолы» атты жас кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты - студенттерді кәсіпкерлік саласына қызықтыру және тарту. Шараны Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Ернар Бектаев ашып берді.

Еркін форматта өткен кездесудің модераторы Жолдықожа Бекұлан болды.

Спикерлері: Юсупов Азизхан – «Aiu food» тамақтану орнының негізін қалаушы.

Тақырыбы: «Блогерліктен кәсіпкерлікке жету жолы».

Жандос Бақытұлы – блогер,вайнер,ресторатор.

Тақырыбы: «Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды қадамдары»

Кездесу соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, кәсіпкерлікке, блогерлікке қызығушылықтарын білдірді. Жастар қауымы көңілденіп, кеш соңында естелікке суретке түсті.

Түркістан қалалық инфрақұрылым және коммуникация бөліміне бас маман-заңгер қажет

 

Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің бас маман-заңгерінің орыны бос.

Орташа лауазымдық айлықақы - 208 062.

Жалпы біліктілік талаптары:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Өнер, 

Құқық, 

Құқықтану, 

Халықаралық құқық, 

Құқық қорғау қызметі, 

Кеден ісі, 

Кескіндеме, 

Графика, 

Мүсін, 

Сәулет, 

Дизайн, 

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), 

Мемлекеттік және жергілікті басқару, 

Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы), 

Құрылыс, 

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, 

Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы), 

Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), 

Жобалық басқару, 

маркшейдрлік ісі

Функционалды міндеттер

Бөлімнің бұйрықтарының, келісім-шарттардың (құқықтық актілердің, актілердің) заңдылығын қарайды; бөлім жұмыстарына тиісті сот процестеріне қатысады, құжаттарын жүргізеді; бөлімнің мемлекеттік сатып алу жұмыстарының заңдылығын бақылайды; бөлім басшысы мен орынбасарының, сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындайды; жүктелген міндеттерге сәйкес сала қызметтерін заң талаптарына сәйкес мерзімінде сапалы орындайды; «Е-қызмет» және «Е-өтініш» бағдарламасындағы жұмыстарды жүргізеді; бас маманның міндеттеріне ҚР мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын өзге де міндеттер мен функциялары кіреді;

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тес