Шымкент қаласында қосымша білім берудегі бірыңғай ваучер жүйесі ашық талқыланды

Шымкент қаласында қосымша білім беру саласына енгізіліп жатқан бірыңғай ваучер жүйесіне қатысты қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Түркістан: Сайрамда заманауи спорт кешені ашылды

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Қарасу ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға тапсырылды. Кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жергілікті тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді.

Түркістан обылысының әкімі Қазақстан футбол федерациясының жауапты өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мен федерацияның кәсіби клубтар арасында жарыстар өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайырды қабылдады.

Түркістан облысының ескекшілері ел чемпионатында 30 медаль жеңіп алды

Түркістан облысының байдарка және каноэ есушілері Алматыда өткен байдарка және каноэ есуден Қазақстанның іріктеу чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Аталған жарысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Отырар ауданында Судья және Сот қызметкерлері, Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай футболдан турнир өткізілді

Бүгін Отырар ауданында 24 маусым - Судья және Сот қызметкерлері күні мен 23 маусым - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күніне орай Отырар ауданы бойынша мекеме қызметкерлері арасында футболдан аудандық турнир өтті.

Бәйдібек: Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

Бүгін, Алғабас ауылдық округі Шақпақ елді мекенінде жаңа спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Нұрмаханов Ерлан Заипұлы ашып, Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Арнайы жиналған ауыл тұрғындарын замануи жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

 

"Бүгінгі ашылып отырған нысан — жастарымыздың спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына, түрлі жарыстар ұйымдастыруға арналған қолайлы орын болмақ. Бұл кешен болашақ чемпиондарымызды тәрбиелеуге үлкен септігін тигізеді", — деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

Сонымен қатар, жиынға арнайы келген Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нақыпбеков Алмас Мұхаддасұлы, Түркістан облысының мәдениет басқармасының «Конгресс Холл көпсалалы кешенінің» басшысы Кенехан Асқар Оразханұлы және Бәйдібек аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Сылқымбек Спабеков Шақпақ елді мекенінің тұрғындарын жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтады.

 

Жаңа спорт кешені – жобасын жүзеге асырушы мердігер мекеме – "Real Story Invest" ЖШС, нысан құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған. Бүгінде Бәйдібек ауданында 238 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 су спорт кешені, 1 жабық теннис корты, 3 спорттық манеж, 53 спорт залы және 177 спорт алаңдары бар. Аудан спортшылары ағымдағы жылы түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын абыроймен қорғап келеді. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, волейбол және еркін күрес түрлерінен аудан спортшылары жүлделі орындарға ие болды.

 

Жаңа спорт кешені – жастардың денсаулығын нығайтып, олардың бойына отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие сіңіруге бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі. Бұл кешен алдағы уақытта ауыл жастарының бас қосып, кәсіби спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, ауылдың қоғамдық өмірінде маңызды орын алатыны сөзсіз.