Түркістан облысының спортшылары «Make it possible» республикалық спартакиадасына қатыспақ

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Makeitpossible» республикалық спартакиадасы өтеді. Байрақты бәсекеге Түркістан қаласынан 22 жеткіншек қатысады. 

Түркістанда қазақ күресінен республикалық турнир өтті

Түркістанда «Тайқазан» республикалық турнирі өтті. Сайыс көне қаланың құрметті азаматы, қазақ күресінен спорт шебері Ерқанат Тәңірбергеновты еске алуға арналды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық облыстарынан 18 команда қатысты. 

Конкурдан Әлем кубогының этапында түркістандық спортшылар жүлде алды

Алматы қаласында конкурдан Әлем кубогының этапы аяқталды. Дүбірлі додада Түркістан облысының Ұлттық спорт мектебінің спортшысы Шыңғыс Маликаждар Қазақстан құрама командасының сапында ел намысын қорғады. 

Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды

Бүгін түнде Түркістан өз чемпиондарын қарсы алды. Колледж студенттері мен ұстаздарының және облыс әкімдігінің бірлесіп, күш салуының арқасында Түркістан облысының командасы өткен жылмен салыстырғанда үш бөлім бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын иеленді (2018 жылы 7-орынды иеленген болатын). 

Түркістан облысы: Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті

Кентау қаласында қараша айының 14-17 күндері аралығында "Б.Саттарханов" атындағы БЖСМ спорт залында грек-рим күресінен 2005-2007, 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында спорт ардагері, "ҚР Дене шынықтыру мен спортқа еңбегі сіңген" медалінің иегері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Есқара Тоқтасынұлының құрметіне арналған Кентау қаласының дәстүрлі V ашық біріншілігі өтті. 

Сарыағаштық палуан Еуропа кубогін ұтып алды

Словения мемлекетінің Градец қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық №2 спорт мектебінің спортшысы Тоқтаев Ерлан Нұрбекұлы 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп жарыс жеңімпазы атанды.