Түркістан облысы: Төлеби ауданында спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы, Леңгір қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың  бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.

Түркістан облысы: шардаралық қол күресшілер 11 медаль иеленіп қайтты

Түркістан өңірі үшін, жалпы, қазақ жұрты үшін қуанышты жаңалық! Румыния елінде өткен қол күресінен Әлем чемпионатында Түркістан облысы Шардара қаласының спортшылары 11 медаль иеленіп, ел мерейін үстем етіп қайтты, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

Түркістан облысы: Отырар ауданында жастар арасында дүбірлі көкпар өтті

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы және "Жастар жылы" аясында Отырар ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Отырар аудандық ат спорты федерациясының және спорт бөлімдерінің қолдауымен жастар арасында командалық көкпардан «Отырар ауданы әкімінің жүлдесі» үшін облыстық ашық турнир өтті. 

Түркістан облысы: Отырар ауданындағы дүбірлі көкпарда сайрамдықтар жеңімпаз атанды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы және "Жастар жылы" аясында Отырар ауданында жастар арасында командалық көкпардан «Отырар ауданы әкімінің жүлдесі» үшін облыстық ашық турнир өтті. 

Түркістан: Мақтаарал ауданының әкімі «Мақтаарал» футбол клубының ұжымымен кездесті

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентіндегі «Алпамыс батыр» стадионында «Мақтаарал» футбол клубының ұжымымен кездесті. Соңғы ойынның алдында өңір басшысы ойыншыларға сәттілік тілеп, жеңіске жетулері үшін қамшылады.

Түркістанда волейболдан республикалық турнир басталды

Түркістан қаласында волейболдан тұңғыш рет КСРО мен Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, волейболдан Қазақ КСР-нің тұңғыш КСРО спорт шебері, атақты волейболшы Октябрь Жарылқаповтың жүлдесіне арналған республикалық жарыстың жалауы түрілді. Жасөспірімдер арасында басталған сайысқа елімізден 8 команда қатысып, бақ сынауда. 

Түркістан облысы: Арыста жасөспірімдер арасында еркін күрестен халықаралық тунир басталды

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет» деп атап өткен болатын.