ШЫМКЕНТ: «ФАН-КЛУБ СПОРТ БИІ» САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың қолдауымен үшінші жыл жалғасын тапқан «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында қаламыздың жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Фан-клуб спорт биі» сайысының финалдық кезеңі өтті.  

Жобаның мақсаты — Шымкентте бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

— Аталған жобада Шымкент қаласынан 6 000-ға жуық жас «Фан клуб» мүшесі ретінде өнер көрсетіп келеді. Бұл жоба мектептер арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту, жастардың бұқаралық спортқа деген белсенділігін арттыру мақсатында өтіп жатыр. Қаладағы 151 мектеп арасында сайыс ұйымдастырылып, финалдық кезеңге 24 команда өтті. Жас спортшыларымыз тынбай еңбек етіп, әлемдік деңгейде Қазақстанды танытуда. Бүгінгі өнер көрсеткен оқушыларға айтарым, өз өнерлеріңізді шыңдап, республикалық дәрежеге жете беріңіздер. Барлығына сәттілік! - деді Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы.

Айта кетейік, команда бишілері спорттық және акробатикалық жаттығудан сайысқа түсті.⠀Басжүлдеге№84 жалпыортамектебілайықдептанылды. І орынды – Т.Рұсқұлов атындағы №25 мектеп гимназиясы алса, ІІ орын – Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейіне бұйырды. ІІІ орынға О.Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектебінің өнерлі жастары қол жеткізді. Еске сала кетейік, «Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде бүгін баскетболдан ширек финал басталды.

– Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және ел чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылған. Былтырғы жылы жеңімпаз командаға автобус сыйға берілді. Биылғы жеңімпаздарды да үлкен жүлделер күтіп тұр, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мақсат Орынбаев.

Ойын нәтижесі бойынша, №55 жалпы орта білім беретін мектеп, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы, Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектептері ширек финалда бақ сынасты.


ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ЖАС БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ ШИРЕК ФИНАЛДА

«Шымкент жастар лигасы» биыл үшінші жыл дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Мектеп оқушылары волейбол, шахмат, футбол, баскетболдан сынға түсуде. Солардың ішінде, бүгін баскетболдан ширек финал басталды.  – Жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және ел чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылған. Былтырғы жылы жеңімпаз командаға автобус сыйға берілді. Биылғы жеңімпаздарды да үлкен жүлделер күтіп тұр, – дейді қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы Мақсат Орынбаев.  Ойын нәтижесі бойынша, №55 жалпы орта білім беретін мектеп, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы, Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейі және Назарбаев Зияткерлік мектептері ширек финалда бақ сынасты.  – Осы жарысқа бар күшімізді салып дайындалдық. Баскетболға 4 сыныптан бастап қызығып, сол уақыттан бері осы спорт түрімен айналысамын. Жарыс жастардың спортқа деген ынта-жігерін арттырмаса, кемітпейді. Осындай ойындар жиі болса, жастардың арасынан іріктеліп, республикалық деңгейге жететін командалар пайда болады. Сондықтан спорттық жарысты ұйымдастырған қала әкіміне және ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Ойын тартысты өтті, – дейді №55 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 ә сынып оқушысы Дәулет Әлмұқанов. Естеріңізге сала кетейік, "Шымкент жастар лигасы" жобасы Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған еді.  Аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігері мен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылды. Осы мақсатта барлық мектептерден футбол (ұлдар арасында), баскетбол (ұлдар арасында), волейбол (қыздар арасында), шахмат (ұлдар, қыздар арасында) командалары және оларды қолдау бойынша фан-клубтар құрылады. Әр команданың атауы, ұраны, эмблемасы және команданың бірыңғай киім үлгісі жасақталды.

Жарыс қорытындысы бойынша спорт түрлерінен І, ІІ, ІІІ орын алған командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы», «Үздік жетекші», «Үздік жанкүйер», «Үздік фан-клуб» «Үздік тәрбиеші», «Үздік білім беру мекемесі» номинацияларының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.

 

 

Түркістан: төтеншеліктер арасында кіші футболдан жарыс өткізілді

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Түркістан қаласы)» мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру – бұқаралық, сауықтыру іс-шаралары бойынша күнтізбелік жылдық жоспар-кестесіне сәйкес 2023 жылғы 19 мамыр күні Қызметтің құрылымдық бөліністер арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Түркістан облысында алғаш рет өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс өткізілді

Түркістаноблысының құрылғанына 5 жыл толуына орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыс ұйымдастырды.

Шымкент: ХІХ Азия ойындарына 55 спортшы қатысады

Шымкент спортшылары елімізде, әлемде болатын додаларда жоғары жетістікке жетуде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның ішінде, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алу бойынша дайындық жұмыстары қарқын алған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында 1111 спортшы және Шымкент қаласынының құрама командасы сапында 3813 спортшы техника-тактикалық дайындықтан оқу-жаттығу жиындарында жаттығуда. Оның ішінде, 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін ХІХ Азия Ойындарына 55 спортшы қатысады. Шымкент спортшылары әлемдік деңгейдегі жарыстарда қаланың абыройын асқақатып жүр. Күні кеше Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алтынды қанжығасына байлады.

Бүгінгі таңда, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 316 алтын, 268 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Ал жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 17 алтын, 18 күміс және 17 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 қола медальге ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының спортшылары 2022 жылдың осы кезеңінде (1 тоқсан) халықаралық, республикалық спорттық іс-шараларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген еді. ҚР чемпионаты, Азия және әлем чемпионаты, әлем кубоктарында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, ҚР чемпионатында 135 алтын, 125 күміс, 123 қола жүлде жеңіп алды. Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында 11 алтын, 3 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды. Жыл басынан бері 2 ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 ҚР спорт шебері және 59 спорт шеберіне үміткер спортшылар даярланды.Қала спортшылары көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионатында 5 алтын, садақ атудан ересектер мен жастар арасындағы ҚР чемпионатында 10 алтын, әмбебап жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 11 алтын, комбат джиу-джитсудан ересектер және жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 10 алтын жүлдені қоржынға салды.

Сондай-ақ, есепті кезеңде шаһарда көркем гимнастикадан СШ, СШҮ жастар арасындағы ҚР чемпионаты, шорт-тректен, әмбебап жекпе-жектен, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен, комбат джиу-джитсудан, пауэрлифтингтен жастар мен жасөспірімдер, ересектер арасында ел чемпионаттары ұйымдастырылды.

Шымкенттік клуб – ҚР кубогының чемпионы

Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті. Сәуірдің 20-26 күндері аралығында өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары жеңіске жетіп, ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанып отыр. Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қала әкімі Мұрат Әйтенов футболға келіп, дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады.

– Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, - деді М.Дүйсенбекұлы.

 “БИІК-Шымкент” клубының бас жаттықтырушысы Александр Семеновтың айтуынша, кубоктық бәсекенің кездесулерінің барысы алдағы кезде өтетін ел чемпионатында және 2023-2024 жылғы УЕФА чемпиондары лигасының ойындарында күш сынайтын команда құрамын анықтауға, олардың дайындығын жан-жақты пысықтауға мүмкіндік берді. «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі - команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті деуге болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.



Шымкенттік спортшы Махмұд Сабырхан пәтерлі болды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады.

Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Бұл жеңісте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Ойбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.

Мұрат Дүйсенбекұлы құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.

Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер мен 5 млн теңгенің сертификатын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, Махмұд Сабырхан Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатның финалында өнер көрсетті. 54 келі салмақта сынға түскен спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді. Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Өзбекстандық спортшыны екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған. Сайыпқыранымыз бұл жолы ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады. Ұлттық құрама қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлаған спортшымызды құттықтаймыз! Естеріңізде болса, Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы өткен әлем Чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Махмұд Сабырхан: «Бұл жалғыз менің жеңісім емес. Ата-анам, бапкерлерім және жанкүйер болған халықтың жеңісі. Әлем чемпионатында бес кездесу өткіздім. Оның төртеуін жеңіспен аяқтадым. Барлық жекпе-жегім оңайға соққан жоқ. Олимпиададан кейін әлем чемпионатына барымызды салып дайындалдық. Чемпион атанамын деп ойлаған едім. Бірақ бұйырғаны күміс болды. Келесі жылы Азия ойындары болады. Әрі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында көк туымызды көтергім келеді. Жарыстарға дайындалып, өз есемді қайтарамын», – деген еді.  

Жерлесіміз Махмұд Сабырхан – Әлем чемпионы!

Махмұд Сабырхан  Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті.  

Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды шымкенттік боксшы Махмұд Сабырхан салды. 54 келі салмақта сынға түскен спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Ойбек Джураевпен қолғап түйістірді. Бірінші раунда Махмұд соққыларын дәл жұмсап, төрешілердің бәрін өзіне бұрды – 5:0. Екінші кезеңде бес қазының төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Үшінші раундта Махмұд Сабырхан қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Өзбекстандық спортшыны екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы мұның алдында Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын ұтқан. Махмұд екі жыл бұрын Белградта өткен жаһандық доданың күміс жүлдегері атанған. Сайыпқыранымыз бұл жолы ринг қожайыны Ойбек Джураевпен жекпе-жекте шеберлігін паш етті. Мұны қапталдағы төрешілер де мойындады.  Ұлттық құрама қоржынына кезекті алтын жүлдені сыйлаған спортшымызды құттықтаймыз! Естеріңізде болса, Сербия мемлекетінің астанасы Белград қаласында бокстан ересектер арасындағы өткен әлем Чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Махмұд Сабырхан: «Бұл жалғыз менің жеңісім емес. Ата-анам, бапкерлерім және жанкүйер болған халықтың жеңісі. Әлем чемпионатында бес кездесу өткіздім. Оның төртеуін жеңіспен аяқтадым. Барлық жекпе-жегім оңайға соққан жоқ. Олимпиададан кейін әлем чемпионатына барымызды салып дайындалдық. Чемпион атанамын деп ойлаған едім. Бірақ бұйырғаны күміс болды. Келесі жылы Азия ойындар болады. Әрі Ташкентте өтетін әлем чемпионатында көк туымызды көтергім келеді. Жарыстарға дайындалып, өз есемді қайтарамын", – деген еді. Ер жігіт айтты, Ержігіт орындады деген осы болар, сірә!