Түркістан облысы: Шардарадағы спорттық жарыстар Түркістан көшіне арналды

Шардара ауданында Түркістан облысы әкімдігі мен басқарма қызметкерлерінің Түркістан қаласына қоныс аудару құрметіне орай спорттың жағажай түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Аудан әкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен өткен жарыста қала мен ауылдық округтерден келген спортшылар жағажай волейболынан, жағажай футболынан және балық аулаудан өзара сынға түсті. 

Түркістан облысының оқушылары спартакиададан жеңіспен оралды

Жуырда Қызылорда қаласында еліміздегі мектеп және колледж оқушылары арасындағы IX жазғы спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Дүбірлі сынды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған болатын. Төрт айдан астам уақытқа созылған сында Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Жазғы Азия ойындарына 52 спортшы барады

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Шымкент: байдарка және каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті

Түнеугүні Шымкенттегі Бадам су қоймасында байдарка мен каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамедәлі Бердашов пен Азия рекордсмені, Афины олимпиадасының қатысушысы Анастасия Прилепа қатысып, жастарға сәттілік тіледі. 

Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Бүгін «13 Легион» workoutкомандасы және Шымкент қаласының әкімдігі Әл-Фараби алаңында «Миллион рет кеудені жерден көтеру» деп аталатын ауқымды акцияны ұйымдастырды. Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары кеудені жерден көтеру жаттығуын миллион рет орындады.