Түркістан облысы: «Мақтаарал» - чемпион!

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Қазақстан Республикасы біріншілігіндегі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасында болған жарыста республика чемпионы атанған «Мақтаарал» командасының жасөспірім футболшыларын қабылдады. 

Түркістан облысы: жеңімпаздарға құрмет толастамайды

Балтық жағалауы елінде өткен гір көтеруден әлем чемпионатында жеңіске жеткен шардаралық спортшыларға деген құрмет одан әрі жалғасып жатыр. Спорттың осы түрі бойынша шағалалы өңірден шыққан тұңғыш әлем чемпиондары Медет Оңалбекұлы мен Нұрболат Ергеш, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бақдәулет Шынтановтай даңқты спортшыларды өздері жаттығатын облыстық №4 ОРМБЖСМ ұжымы да құттықтады. 

Шардарада алғаш рет халықаралық «Safari Shardara» фестивалі өтеді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 26 қазан күні Шардара қаласындағы суқойма жағалауында тұңғыш рет халықаралық «Safari Shardara» атты фестиваль өтеді. Айтулы шарада қонақтар Қызылқұм өңірінің табиғатымен кеңінен танысып, құм қойнауы мен теңіз жағалауындағы түрлі ойын-сауықтар мен спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.

Түркістан облысы: грек-рим күресінен шардаралық балуандар облыста топ жарды

Шардара топырағында тұңғыш рет өте жоғары деңгейде "Астана қаласының 20 жылдығына" арналған Грек-рим күресінен 2002-2004 және 2006-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. 

Түркістан облысының боксшысы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазан айының 2-6 күндері аралығында Жамбыл облысының Меркі ауданында Меркі ауданының 90 жылдығы және ҚР спорт шебері Болат Намысбековты және жаттықтырушысы Жұмағали Байтиковты еске алуға арналған XVIIIхалықаралық турнирі өтті. 

Түркістан облысының қол күресші палуандары Түркияда өтетін әлем чемпионатына аттанады

Қол күресші палуандарымыз қазан айының 12-21 күндері аралығында Түркия елінің Анталия қаласында өтетін армрестлингтен Әлем чемпионатына аттанбақ. Қазақстан Республикасының құрама сапында өнер көрсететін спортшыларды Түркістан облысы бойынша аға жаттықтырушы Сейфулла Нұрхалықов және Нұржан Төреқұлов бастап бара жатыр. Сәтін салса, қазан айының 10-ында жолға шығатын жерлестеріміз әлем біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғамақ.