Түркістан облысы: «Мақтаарал» жеңіске жетті

Мақтаарал ауданындағы «Алпамыс батыр» стадионында футболдан Қазақстан Республикасы біріншілігі Бірінші лига командаларының 2004 жылғы жасөспірімдері арасындағы жарыстың IV кезең ойындары болып өтті. Жарыста мақтааралдық жасөспірімдер оза шауып бірінші орынды жеңіп алды. 

Жетісайда спорт түрлерінен «студенттік және мектеп лигаларының» ашылу салтанаты өтті

Жетісай ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі түрлерінен «Студенттер және мектеп лигасының» салтанатты ашылуы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Мұхтар Бейсенбаев, Жетісай орталық стадионының директоры Бақыт Жаңбырбаев және спорт мектептерінің басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Түркістан облысы: созақтықтар «Шалқар» командасының 50 жылдығы атап өтті

Созақ аудандық орталық мәдени спорт кешенінде «Былғары доп» жүлдесінде 1968 жылы Одақты дүркіреткен «Шалқар» командасының 50 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтой аясында кіші футболдан республикалық жарыс өтіп, оған 12 команда қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйлеп, «Шалқар» командасының ойыншыларына естелік сыйлықтар, мерейтойға арнап шығарылған альбом кітап табыс етті. «Шалқар» командасының капитаны, ардагер спортшы Аманғали Аймұрзаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға табыс тіледі. 

Түркістан облысы: Отырар ауданының әкімі Азия ойындарының чемпионымен кездесті

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов таяуда ғана аяқталған Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының самбо күресінің жеңімпазы, Отырар ауданының тумасы Бағлан Ибрагимді қабылдады. Кездесуде аудан басшысы халықаралық спорт алаңдарында еліміздің туын туын көкке желбіретіп жүрген спорт саңлағын кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Түркістан облысындағы тау шыңына «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның 20 шыңына экспедиция ұйымдастырды. Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың Елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қонаққа келді

Бүгін Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды. 

Түркістан облысы: Келес ауданында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді

Конститутция күні қарсаңында Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекеніндегі №86 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп жанынан бой көтерген жаңа типті шағын футбол алаңының ашылу салтанаты болды. 

Түркістан облысы: Президент жүлдесі үшін VI-шы Халық спорт ойындарының облыстық іріктеу жарыстары өтті

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен Шардара ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесі үшін VI-шы Халық спорт ойындарының облыстық іріктеу жарыстары болып өтті.