Түркістан облысы: Жазғы Азия ойындарына 52 спортшы барады

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Шымкент: байдарка және каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті

Түнеугүні Шымкенттегі Бадам су қоймасында байдарка мен каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамедәлі Бердашов пен Азия рекордсмені, Афины олимпиадасының қатысушысы Анастасия Прилепа қатысып, жастарға сәттілік тіледі. 

Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Бүгін «13 Легион» workoutкомандасы және Шымкент қаласының әкімдігі Әл-Фараби алаңында «Миллион рет кеудені жерден көтеру» деп аталатын ауқымды акцияны ұйымдастырды. Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары кеудені жерден көтеру жаттығуын миллион рет орындады.