Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 21:54

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қабылдауға аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілерді ынтыландыруда арнайы ведомстволық награда мен төсбелгі дайындау туралы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қорғалуы мен смартфон телефондарын пайдалану, мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына толықтырулар енгізу және жер қатынастарына қатысты мәселелер көтерілді. Департамент басшысы бұл ретте барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдады да, қолданыстағы заңнама аясында өтініш иелерінің баршасына сол сәтте жауап берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1272 рет