Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 22:03

Түркістан облысы: Келес ауданындағы кеден бекетінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Келес ауданы әкімдігімен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – кеден бекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау. Сонымен қатар кеден саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және белгіленген мерзімдерде (стандарттар мен регламенттер) ұсынылуын қадағалау. Осыған байланысты 18 қазанда еріктілер тобы құрылып, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан Б.Қонысбаев кеден бекетінде кезек күтіп тұрған жүк көліктерінің иелеріне «Егер сізден кеден бекетінен кедергісіз, тексермей өткізу не болмаса мемлекеттік қызметтер алу кезінде қосымша заңда көрсетілмеген құжаттарды талап ету және пара сұрау жағдайына тап болсаңыз, келесі сымтетіктерге хабарласыңыз» деген ескертпе қағаздары тарқатылып, жүк көліктерінің иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылар мұндай шараның пайдасы зор боларына сенімді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 931 рет