Сенбі, 20 Тамыз 2022 01:42

ТӨЛЕБИДЕ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

 

ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің және кереағар діни ағымдардың алдын алу мақсатында мәдениет саласы, халықты жұмыспен қамту орталығы, пробация және аудандық "Жастар ресурстық орталығының" қызметкерлері арасында Түркістан облысы Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығының арнайы маманы, дінтанушы, теолог А.тағай семинар-тренинг өткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Маман өз баяндамасында, бүгінгі жағадайда бүкіл әлемде адамзаттың бнйбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатер болса, солардың қатарында діни экстремизм мен терроризм тұрғанын айтты.   «Осы тұрғыда мемлекет деңгейінде заңдылықтарды жетілдіру және күшейту қолға алынған, ал жергілікті жерлерде нақты атқарылар жұмыстардың нәтижелілігі артуда. Дін саласы бойынша жұмыстар тиісті деңгейде үйлестіріліп, жүзеге асырылуда. Бірінші кезекте теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан халықты, ең алдымен, өскелең ұрпақ – жастарды қорғау міндеті тұр. Осы мақсатта қала көлемінде дін саласы бойынша халық арасында, яғни елдімекен тұрғындары, мекеме қызметкерлері, оқу орындарының жастары мен мектеп оқушылары арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді ол.  Жалпы халықтың діни сауаттылығын арттыруда, діни экстремизм мен терроризмге, теріс пиғылды діни ағымдардың үгіт-насихатына қарсы иммунитетін қалыптастыруда ел ішінде жүргізіліп жатқан кең көлемді ақпараттық насихаттық және түсіндіру жұмыстарының қатарында бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Сондай-ақ, жастарды кереғар діни ағымдардың ықпалынан сақтау, жастардың діни иммунитетін көтеру мақсатында орталық тарапынан Haqjoly.kz діни ақпараттық порталы ашылып, жұмыс істеуде. Аталған сайт «Зайырлы мемлекет», «Дін және жастар», «Дін және қоғам», «Теріс ағым», «Дәстүрлі дін», «Бейнероликтер», «Жаңалықтар», «Мақалалар» айдарларымен қамтылған. Жыл басынан бастап сайтта 38 мақала, 36 жаңалық, 26 бейнеролик жарияланды.

 

 

Оқылды 262 рет