Сейсенбі, 06 Маусым 2023 18:13

ШЫМКЕНТТЕГІ МИРАС, ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

Бүгінде Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда.

Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.  Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылуда. Атап айтар болсақ, былтыр Арғынбеков көшесімен Тұран ішкі магистралды коллектордың құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, Достық су сорғы станциясы қайта құрудан өтті. Нәтижесінде, Самал-3, Ұлағат, Мирас, Солтүстік-шығыс, Шапағат-2 шағын аудандары мен Хлопзавод көшесіндегі 48 мыңнан астам адам кәріз жүйесіне қосылды. Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % - дан 65 % - ға артатын болады.

Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Жоспар бойынша 2024 жылы

1.КОС-1

2.Рысқұловтан КОС-1ге

3.Забадам КОС-1ге

4. Елтай

5. Жыланбұзған

6. Айнатас

7.Бадам 1-2

8. Шаңырақ

9. Айқап

10. Тұран коллектор

11. Төлеметов коллектор

12. Нұртасшағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Тілге тиек етейік, 2025 жылға дейін Шымкент қаласы Абай ауданының 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.

Оқылды 214 рет