Бейсенбі, 14 Қыркүйек 2023 20:43

Отырар ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында және елді мекендерде жалпы аудандық сенбілік өтті. Сенбілік шарасына аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен ауыл округі әкімдіктері, мекеме қызметкерлері шығып ауданның тазалық жұмыстарына үлес қосты.

Сенбілік барысында аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы Жібек-жолы даңғылы, М.Әуезов, Д.Алтынбеков көшелері бойындағы, көп қабатты үйлер аулалары және көше бойындағы арықтарды қоқыстардан тазарту, арамшөптерден тазалау жұмыстары атқарылды. Сенбілікке 500 ге жуық азамат қатысты.

Ауданда өткен сенбілікке 8 арнайы техника жұмылдырып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.  Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі. Құрметті аудан тұрғындары, «тазалық-ауладан» деп, Отырар ауданын көркейтуге өз үлестеріңізді қосыңыздар!

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

 

 

Оқылды 179 рет