«Ұлттық жоба» аясында 2023 жылдың 8 айында 5 934 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 4 903 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы 82,0%; Оның ішінде, жұмыссыздар – 3 741 азамат, өзін өзі қамтығындар - 78 азамат, жұмыс іздеушілер – 703 азамат және 381 азамат компазиттік қызметке тіркелді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмысқа – 270 орын жоспарланған, нақты қамтылғаны 267 азамат, орындалуы 99,0%.
Сауран ауданында халықтың саны 100911 мың адамға жетті. Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 43361 болса, жұмыссыздар саны 2181 адам болып отыр. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 17483 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 23697 адамды құрайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. 2023 жылдың 8 айында жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келуге өтініш бергендер саны 1399 адамды құрады. Оның ішінде:еңбекші көшіп келушілерге рұқсат берілгендер 1034 азамат, мерзімін ұзарту бойынша 86 өтініш, 279 азаматтың өтініштері бас тартылды.
Жастар практикасына – 650 орын жоспарланған, қамтылғаны 206 азамат, 31,6%. Қәзіргі таңда оқу орындарымен және жұмыс берушілер арасында үгіт насиқат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша Жастар ресурстық орталығы мекемесімен бірлесе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.
Қоғамдық жұмыстарға – 800 орын жоспарланған, қамтылғаны 1 110 адам, орындалуы 138,7%. Алғашқы жұмыс орындарына – 65 орын жоспарланған, қамтылғаны 60 адам, орындалуы 92,3%. Күміс жас жобасына бойынша жалпы жыл бойына 90 орын жоспарланған, қамтылғаны 120 адам, орындалуы 133,3%. Мемлекеттік грантқа – 100 орын жоспарланған, 1 лектің (поток) қорытындысына сәйкес 50 адам мемлекеттік грант иегері атанды. «Бастау бизнес» жобасы аясында 180 азаматты оқыту жоспарланып, 8 айлық қорытынды бойынша 847 азамат оқытылды.
Тұрақты жұмыс орындарына – 2 616 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2 215 адам жоспарланған, 8 ай қорытындысына сәйкес, жолданғаны 1 084 адам, орындалу пайызы 49 %. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. «Ұлтық жоба» шеңберінде көзделген 21 нысан бойынша жаңа жұмыс орындарына 401 адам жоспарланған, 15 нысанға 138 адам жолданды. Орындалу пайызы 34,4 %. «Ұлттық жоба» шеңберінде белгіленген мердігерлермен 2 жақты меморондум түзілді. 2023 жылы 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 1 242 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңға 879 адам жолданып 70,7% орындалып отыр.
Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114 –IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен жұмыс атқарады.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны-34 (1-меңгеруші, 1-кеңесші, 32 әлеуметтік қызметкерлері). Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер-4, мүгедектігі бар балаларды күтушілер-28. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 15 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі 111 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан 14 мүгедектігі бар азаматтар есепте тұрады, жалпы 140 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 1 млн. 066,0 мың теңгеге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2023 жылға 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды.
Қамқорлық бағдарламасы туралы кеңірек айта кетер болсақ, Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен 2020 жылдың қаңтар айында «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленген болатын. Мақсаты – мемлекеттік бюджеттерден бөлінетін қаражаттан тыс қосымша демеушілердің қолдауымен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау. Бағдарлама аясында аз қамтылған отбасылардың өмір сапасын жақсарту, олардың экономикалық тәуелсіздігі мен қиын жағдайларды жеңуге жеке ынтасын арттыру және ұмтылдыру шаралары тұрақты жүргізіліп келеді.
Аталған бағдарламаға Отбасының цифрлық картасы негізінде жағдайы тым төмен, дағдарыстық және қанағаттанарлықсыз деңгейде өмір сүріп жатқан жанұялар енгізілді. Олардың әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекшілер тағайындалды. Сонымен қатар отбасы мүшелеріне тек әлеуметтік көмектер көрсету ғана емес жұмысқа орналастыру, қысқамерзімді кәсіби оқыту және өзге де шараларды жүргізу көзделген.
Сауран ауданында ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді, олар: Жуйнек, Иассы, Оранғай, Қарашық, Шаға, Майдантал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Алдағы уақытта Бабайқорған, Үшқайық, Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты мен аудандық емханаға қарасты Оранғай, Ескі Иқан ауылдық округ амбулаториясының ғимараты бейімделуі жоспарланған. 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 79 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметін пайдаланған.
2023 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160, жалпы 320 жолдама бөлінген. Оның ішінде: 2023 жылдың 1 қыркүйегіне «Ардагерлер» үйіне - 111, «Мейір» ардагерлер үйіне - 116 жолдамамен зейнеткерлер қамтылды. Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2 228 адам. Одан бөлек, жергілікті бюджеттен нақтылау барысында зейнеткерлерге санаторлық курорттық ем қабылдау үшін (165 адамға 10 күнге) 27 млн. теңге қаралды. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік конкурс өткізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлер кезектілік бойынша жолдамамен қамтамасыз етілетін болады.
Аудандық бюджеттен адамның иммун тапшылығы қоздырғышын жұқтырған балалары бар үш отбасыға жәрдемақы төленді. Туберкулезбен ауыратын 25 адамға 5 АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан 25 азаматқа 5 АЕК мөлшерінде төлем жүргізілді.
Сауран аудандық мәслихатының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы 2022 жылғы №168 шешіміне сәйкес, 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай 2594 көп балалы алтын алқа, күміс алқа, батыр ана, 1,2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай төлемдер жүргізілді.
Ағымдағы жыл басынан консультативтік кеңесші органның төрт отырысы өткізіліп, кеңесші органның төрағасы тарапынан пробация есебінде тұрған 59 азаматтарды қолдау мақсатында әлеуметтік, құқықтық шаралармен қамту туралы ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді. Аудан әкімінің қаулысымен пробация есебіндегі азаматтар мен бас бостандығынан айырылған азаматтарға 2023 жылға 16 жұмыс орындарының квотасы бекітіліп, эталонды бақылау пунктінде тіркеліп, 10 квота бойынша орындалды.
Сауран ауданына қарасты ауылдық округтер бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде әлеуметтік қызметкерлер саны-34 (1-меңгеруші, 1-кеңесші, 32 әлеуметтік қызметкерлері). Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер-4, мүгедектігі бар балаларды күтушілер-28. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 15 жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі 111 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан 14 мүгедектігі бар азаматтар есепте тұрады, жалпы 140 адамға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
2023 жылдың 8 айында үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер 112 адам, қамтамасыз етілген 112 өтініш болды. 2023-2024 оқу жылына мүгедектігі бар балалардың үйде оқытуға арналған шығындарды өтеуге жергілікті ХҚКО немесе «egov» порталы арқылы 29 өтініштер түсіп заңға сәйкес қаралуда.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»