Осы мақсатта облыс бойынша атқарылатын жұмыстардың күн сайынғы жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Шараларға аудан-қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спорт және өнер майталмандары, жас пен қарт кісілер де атсалысуда. Бүгінгі күнге дейін «Таза өлке», «Киелі Мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясына 368 мыңға жуық адам атсалысты.
«Таза өлке» науқанында 4 352 шақырым көше бойлары және 120 мың шақырым аяқжолдар тазаланды. Бұдан бөлек, 608 шақырым өзен, көпір, канал бойлары және 1 380 көпқабатты тұрғын үй аулалары тазаланды. Жалпы 1 225 тонна қоқыс шығарылған. Ал «Киелі мекен» апталығында 226 ауқымды іс-шара өткізіліп, тарихи-мәдени орындар тазартылды. Аталған жұмыстарға 22 251 адам, 496 техника тартылып, 1 410 тонна қоқыс шығарылды.
Сондай-ақ, «Жасыл аймақ» науқанында 153 мыңнан аса ағаш егіліп, 175 мыңға жуық тал түптері әктелді. Бұдан бөлек, 346 саябақ-скверлер, 731 балалар ойын алаңшалары тазаланды. Акциясының төртінші «Өнегелі ұрпақ» апталығында 396 іс-шара өткізіліп, 768 көше бойлары және 322 шақырым аяқжолдар мен көпір мен каналдар бойы тазаланды. Сонымен қатар, 89 саябақ, балалар алаңшалары реттеліп, 60-тан аса қарт кісілердің үйлеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы 16 566 адам, 433 техника тартылып, 532 тонна қоқыс шығарылды.