Соңғы 15 жылдан бері жөндеу көрмеген. 2021 жылы А корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, былтыр қазан айында тапсырылған. Ал А1 корпусына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жарияланып, нәтижесінде «НКО» ЖШС жеңімпаз мердігер ретінде анықталған. Облыс әкімінің орынбасары күрделі жөндеу жұмыстарының мұқият орындалуын қатаң қадағалайтынын жеткізді. Сонымен қатар осы мерзімде сапалы өнімдер қолданылуын бақылауға алу қажет деді. Кентау қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарына Мансап орталығында тіркеуде тұрған жергілікті тұрғындарды тартуды тапсырды.
Бұдан соң Кентау гуманитарлық-техникалық колледжіне барды. Жекеменшік колледж аумағын кеңейту жоспарлануда. Кентау қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің дуальді оқыту жүйесін аудан, қалаларда насихаттау, тәжірибеге енгізу жолдарын қарастыру жайы айтылды. Мұнда 800 бала оқиды. Оның ішінде 500-і мемлекеттік грантта. Сонымен қатар орта арнаулы оқу орындарында фейс-бақылау құрылғылары орнатылуын қадағалауды тапсырды. Әрі қарай Кентау қалалық орталық мұражайымен және облыстық «Жансая» балаларды оңалту шипажайымен танысты. Екі нысан да күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ол үшін сметалық құжаттама жасауға қаржы қарастыру үшін, заңға сәйкес тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.
Іссапар әрі қарай Сауран ауданында жалғасты. Жүйнек ауылдық округі, Шекербұлақ елді мекеніндегі «Қызылжол» ФАП-тың құрылыс жұмысымен танысты. Жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатқан нысан биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Содан соң ауданда биыл жаңадан жұмысын бастағалы отырған жазғы сауықтыру лагеріне барды. Балаларға арналған жаңа демалыс орны 400 орынға лайықталған. Жеке кәсіпкер есебінен салынып жатқан лагерь аумағы 20 гектар. Қазіргі таңда жазғы демалысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бейсенбай Дәулетұлы балалар қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, лайықты жазғы демалыс ұйымдастыру қажет деді. Сонымен қатар жауапты тұлғаларға бірқатар міндеттер жүктеп, құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.