Сәрсенбі, 19 Маусым 2024 11:32

Шымкенттегі жаңа әуежай терминалы жолаушыларды өткізу қабілетін ұлғайтуға мүмкіндік береді

Осы және қаламыздағы көлік, жол құрылысы, қоғамдық көлік мәселесі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

 

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шақырым жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылған.

Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.

Жаңа әуежай терминалының құрылысы  «ЅСАТ» АҚ инвестициялары есебінен іске асырылуда.  Терминалды іске қосу жолаушылар ағынын сағатына 200-ден 2000-ға арттырып, ал өткізу қабілетін жылына 10-12 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминалдың ішін 7 аймаққа бөлу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады. 

 Жаңа жолаушылар терминалы келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

– 2000-нан астам жұмыс орнын құру;

– Халықаралық бағыттардағы маршруттық желілерді дамыту;

– Шетелдік әуе тасымалдаушылар мен инвестицияларды тарту;

– Әуе жүк тасымалын дамыту;

– Туристік сервисті дамыту үшін тартымды имидж жасау.

Жиында темір жол вокзалының құрылысы, қоғамдық көліктерді дыбыс жүйесімен қамту шаралары мен автобустардың жүру бағыты айтылды. 

 

Оқылды 201 рет