Сәрсенбі, 17 Шілде 2024 23:18

Шымкентте комент мейкерлердің клубы құрылды

2024 жылдың 5 маусымында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Қазіргі таңда клубка 15 адам мүше. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «2024 жылдың І жартыжылдығында Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар саласында атқарылған жұмыстары туралы» тақырыбындағы  баспасөз конференциясында айтылды.  

"Шымкент қаласының туристік саласын жарнамалау бойынша 50 фото және 110 видеоматериал шығып, әлеуметтік желілерде жарық көрді",-деді басқарма басшысы.

Аталған ақпараттар халық арасында таралып, маңызды туристерді тартатын тетік қызметіне айналуда.

Жалпы қаралым саны 1,5 млн. адамды құраған. Туристерді тартудың бірден-бір құралы – қаланы жарнамалау болып табылады. Осы орайда, а.ж. 28-30 маусым аралығында 15 шетелдік және 15 отандық блогерлерге ақпараттық-блог тур ұйымдастырылды.

Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676  мың. адамды қамтыды.

Айта кетейік, статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген.2023 жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам). 

Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе,   бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр. 

Оқылды 53 рет