Жұма, 19 Шілде 2024 16:20

Шымкенттегі 81 емдімекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған

Қала тұрғындарының сапалы электр энергиясымен қамтылуы, ауыз су, кәріз жүйесі, жылыту маусымына дайындық, көгілдір отынға қосу жұмыстары  - осының барлығы шаһарымыздың инфрақұрылымына қатысты мәселелер. Бұл саладағы жұмыстың лайықты деңгейде жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал етеді. Сондықтан инфрақұрылымның дамуына қаламызда көп көңіл бөлініп келеді. 

 

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылардың берген мәліметіне сенсек,  ағымдағы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамақ емес. Мәселен, қалада 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 

2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ)  құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталған. 

Нәтижесінде, 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда.

Басқармадағылар шымкенттіктерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатқанын айтады.  Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе,  1 елді мекен кестемен (Құрсай) қамтамасыз етілуде.

2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған.

Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды.

Қала халқын кәріз жүйесіне қосу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, шаһардағы   81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.

2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам,  Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Жыл қорытындысымен 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабаттағы тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланған. 

Шымкент қаласында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.

2023 жылдың қорытындысы бойынша халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).

2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Жоғарыдағыларды баяндай келе, 2024 жылы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жеткізу жоспарлануда.

Шымкент қаласы аумағы боиынша 838,6 км жылу құбырлары бар: Тозу деңгейі 37%-ы құрайды.

Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар:

- 23 қазандықтың тозу деңгейі - 30,5% құрайды.

- 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 % 

2024 жылы жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4,0 млрд. теңге бөлінген.

2024 жылы 2,4 млрд. теңгеге 30,0 км жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. (Оның ішінде 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 км жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі).

Көшелерді жарықтандыру шаралары да назардан тыс қалған емес.  Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 522 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде, 2021 жылы ГЧП аясында 107 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 47 %-ға өсті.

2022 жылы ГЧП аясында 105 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 47 %-ден 69 %-ға өсті.

2023 жылы 90 көше жарықтандырылып 69 %-дан 70%-ға өсті. 

2024 жылы басқарма тарапынан Тұран шағынауданындағы магистралды 13 көшені жарықтандыру,  аудан әкімдіктері тарапынан 5 аудан көлемінде 1000-ға жуық көшені жарықтандыру жоспарланған. 

 

Оқылды 47 рет