Сейсенбі, 23 Шілде 2024 16:39

Шымкент бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары атқарылуда

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қаракөзев Нұржан Нұрханұлы - Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы - жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

 

 Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Департаменттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, республика бойынша су айдындарында 

86 адам суға батты, оның ішінде 34 бала. 

Қала аумағында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау бойынша, су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелген. 

Сондай-ақ, қала әкімдігінің («2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы») қаулысына сәйкес қала әкімі Ғ.Сыздықбековпен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге орындау үшін жолданды. Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін.

Қала аумағындағы су айдындарында 5 ресми орын белгіленген (Қаулы 13.05.2021ж. №289) оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар, «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарымен Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, екеуі спорт және туризмға арналған Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көл.

Сонымен қатар, шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 125 ескерту белгілері орнатылған.

Департамент құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатарда еріктілерді тарта отырып, тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 28255 адам қамтитын, 284 рет рейд жүргізген.  Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын жүзуге тегін үйрету бойынша 15 меморандум жасалып, шамамен 1000 нан аса баламен инструкция өткізілді.

 

Оқылды 119 рет