Сәрсенбі, 24 Шілде 2024 12:26

205 мың шымкенттік зейнетақы мен жәрдемақы алады

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 000 астам азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде дейді, бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы баяндады.

 

2024 жылдың I жарты жылында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 74191 құрайды.

Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 43643; 

Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –30548. 

Есеп беру кезеңінде 59 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 668 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылған.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ.

Департамент басшысы жыл басынан бері азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша – 34 772 мемлекеттік қызметтер көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге сәйкес 948 іс қалпына келтіру үшін кері қайтарылған, бұл өтініштердің жалпы санының 2,7% құрады. 26 іс-құжат бойынша зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берушілер тарапынан ұсынған құжаттардың дұрыстығын растау үшін уәкілетті ұйымдарға сұраныс хаттар жолданғанын айтты. 

2024 жылғы 6 айға МӘС бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 1642 адам, қайта куәландырылғаны 5493 адам, негізсіз жолданғандары – 95(325). 

Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1555 (1412) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға көбейген. 

 

Оқылды 95 рет