Жұма, 26 Шілде 2024 22:50

Шымкент: Қаржы пирамидаларының құрбаны болмаудың негізгі жолы - тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру

Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Қаржылық пирамидалармен күрес нәтижелері»  тақырыбында  баспасөз конференциясы өтті. 

Департамен тарапынан ұсыныс ретінде, халық көп шоғырланатын «Қажымұқан» стадионындағы экранды ауыстырып, орнына заманауи экранда үзіліс кезінде, матч басында халыққа қаржы пирамидасы, лудомания және т.б зияндығы туралы бейнероликтерді жариялау ұсынылады.  

Себебі, профилактиканың ең тиімді жолы – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және насихаттау дейді, Қайшыбеков Бақыт Сапарғалиұлы - Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің басшысы.

Департаменттің бастамасымен Қазақстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасына ұсыныс хат жолданып, жұма намазы кезінде осы қаржылық пирамидаларының зияны туралы уағыз айту мәселесі қолдау тапқан.

Нәтижесінде, өткен жылы қараша айында бүкіл Республика мешіттерінде осы тақырып бойынша имамдармен түсіндірме-насихаттау жұмыстары жүргізілген.

Телеграм желісінде «Байқа пирамида», «AFM Insider» боттары жұмыс жасайды, олармен кез келген тұлға белгілі бір жобаға ақша салудан алдын оның қаржылық пирамида белгілері бар немесе жоқтығына тексеру мүмкіндігі бар. Мысалыға, Сіз қызығушылық тудырып жатқан компанияның бизнес сәйкестендіру номерін енгізесіз, онлайн түрде сұрау тексеріліп, егерде компанияда қаржылық пирамида белгілері немесе қылмыстық іс тіркелген болса сізге тиісті хабарлама келеді.

Қаржылық пирамидаларының құрбаны болмаудың негізгі жолы – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру. 

Аталған бағытта қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында 2024 жыдлдың 4 маусым күні Агенттік ұйымдастыруымен Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Alayaq.net» республикалық жастар қозғалысы қолдауымен «АФМонлайн» іс-шарасы өткізілген.

Іс-шараның мақсаты – қаржы пирамидалармен күрес, әлеуметтік желідегі тәртіп, интернет-алаяқтықпен күрес тақырыбында эксперттер қатысуымен талқылау. Қаламыздан аталған іс-шараға 2 университеттің 200 ден аса белсенді студенттері, әкімдік қызметкерлері, құқық қорғау органдары, 2 млн-нан астам оқырмандары бар 8 блогер шақыртылып, тікелей эфир жүргізілген. 

 

Оқылды 65 рет