Жұма, 20 Қыркүйек 2024 13:15

Түркістандық кәсіпкер кондитерлік цех ашып, өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Түркістан қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Нағипа Жанкеева кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқан. Бүгінде торт, пирог, самса сынды 10-ға жуық нан өнімдерін өндіреді. Болашақта цех ауқымы мен өнім көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ел экономикасында айрықша орын алатын, мемлекет басшысы басты назарда ұстайтын ұлттық жобалардың бірі – әлеуметтік салаға қарасты «кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жобасы. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын әлеуметтік саланың әлеуеті артып, жұмыссыздықпен күресу үшін әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі іске асып келеді. Ондағы негізгі мақсат - еңбек нарығындағы тепе-теңдікті сақтау, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Ұлттық жобаның түпкі мақсаты да осы. Жұмыссыздықты жою – бүгінгі күннің басты мәселесі.

Түркістан қаласының еңбек индикаторына талдау жүргізсек, экономикалық белсенділігі жоғары тұрғындар қатарындағы жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құраса, жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші 3,5 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздық санатындағы тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында қала әкімінің бекіткен ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары негізінде, халықты жұмыспен қамту орталығының сүйемелдеуімен ағымдағы жылдың І-жарты жылдығында жүйелі жұмыстар іске асырылды. Нақтылай кетсек, Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгінген 4695 азамат ұлттық жобаның «Еңбек» бағытына тартылып, нәтижелі жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі» тапсырмасына сәйкес, еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықтың табысын арттыру мақсатында ҚР Премьер-Министрі орынбасарының 02.02.2022 жылғы №21-05/05-3090 хаттамалық тапсырмасын негізге алып, облыс әкімдігі тарапынан жұмыспен қамтудың 2022-2025 жылдарға арналған «өңірлік картасы» бекітілген. Бекітілген карта негізінде, жыл ағымында облыс аумағында 444 жобаны іске асыру аясында 33819 жұмыс орындарын құру (оның ішінде: 5087-тұрақты жұмыс, 28732- уақытша жұмыс) көзделсе, Аталған картаның аудан, қала бөліністеріне сәйкес,  Түркістан қаласы бойынша 1179 жаңа жұмыс орындарын ашу міндеттелген. Жыл ағымында ұйымдастырылған  қарқынды жұмыстар нәтижесінде іске асырылған 32 жоба шеңберінде 547 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласында жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше мән беріліп, инвестициялар тарту, кәсіпорындарды көбейту, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар жандандырылып, Қаламызда шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылды. Атап айтқанда жеке бастамалар бойынша 84 шағын және орта бизнес субъектілері өз кәсіпкерліктерін заңдастырып жаңа жұмыс орындарын ашуға атсалысты. (Мысалы: Balkon- 22 жұмыс орны, GoBar- 15 жұмыс орны, Coffeе Boom - 22 жұмыс орны, Navoiy - 15 жұмыс орны, Кәусар - 30 жұмыс орны, Астау - 15 жұмыс орны, DoDo Pizza - 5 жұмыс орны, Al-fatih - 30 жұмыс орны, Жеті Тандыр 53 -  жұмыс орны, Ramada Turkestan -30  жұмыс орны, және т.б) Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан  қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылып, Қала тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамту және бастапқы кәсіпкерлікке баулу бағытында былтырғы жылы «Еңбек» мемлекеттік барғарламасы шеңберінде мемлекеттік грант алған 253 азамат бүгінге өз кәсіпкерліктерімен айналысуда.

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес,алдыңғы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту туріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған.  Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданды. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. 

Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын  жұмыс орындарына тоқталсақ, биылғы жылы қаламыздың экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 125 азамат аталған жұмыс орындарына жолданды. Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 6 ай ағымында 171 түлек аталған практикаға жолданды. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 6 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалды.

Түркістан қаласындағы осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Кешенді жоспарға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі 300 азаматқа  ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың әлеуметтік қолдау шараларын көрсету міндеттеліп, 21 азаматты квота есебінен жұмыспен қамту көзделген. Есепті айда мүмкіндігі шектеулі 156 азамат белсенді шараларына тартылып, оның ішінде 15 азамат квота есебінен жұмыспен қамтылды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұрған тұлғаларды әлеуметтік оңалтудың тиімді кешенді жүйесін қалыптастыру, олардың қоғамда өз орнын табуға жәрдемдесу шараларына тоқталсақ,халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан – пробация қызметі есебінде тұратын сондай-ақ қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған, өмірлік қиын жағдайға душар болған  тұлғаларға, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына мүмкіндік бермеу мақсатында «халықты жұмыспен қамту» туралы Қазақстан Республикасының №482-V Заңы мен өзгеде нормативтік құқықтық талаптарына сәйкес, олардың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жүйелі көрсетіліп келеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету һәм оларды нәтижелі жұмыспен қамту басты назарда тұр. Осы мақсатта ұйымдастырылған жүйелі жұмыстар нәтижесінде ұлттық жобаға жүгінген жастар санатындағы 3277 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, нәтижелі жұмыспен қамтылғандардың қатарына енді. Атап айтқанда: 501 жас түлек Жастар практикасына, 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 35 жас алғашқы жұмыс орындарына, 384 азамат қоғамдық жұмыс орындарына тартылып, 1070 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 29 жасқа дейінгі 126 азаматтың бизнес идеяларына мемлекеттік грант қаражаттары  ұсынылды. 1087 жас «Бастау Бизнес» жобасын аяқтаса, 30 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жолданды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша Түркістан шаһарында еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен 2022 жылға ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2022 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биыл 5355 азаматты жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Жылдың 9 айында атқарған жұмыстарға талдау жүргізсек, жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына жүгінген 6912 азамат бағдарламаға қатысып, жоспар көрсеткіші артығымен орындалды.

Атап өтер жайт, бүгінгі таңда «2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі шаралары қолданылады.

Біріншісі – «Жастар практикасы». Түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Он екі (12) айға дейінгі мерзімге «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа тұруға болады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер «Жастар практикасына» қатысушылар ретінде белгіленеді.

«Жастар практикасына» арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.

Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

«Жастар практикасына» қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну» тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат.

Еңбек кітапшасы (бар болса).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.

Екіншісі – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы.

Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде ЖОО түлектеріне), жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады.

Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал жұмыспен қамту орталығы жалақыны 1 жылға субсидиялайды.

Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

Жеке басын куәландыратын құжат.

Білім туралы құжат (бар болса).

Үшіншісі – «Ұрпақтар келісімі» жобасы.

Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің өтініштері бойынша Ұлттық жобаға қатысушыларды кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді қызметкерге де еңбек етуге мүмкіндік қарастырылған.

«Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды. Нақтырақ айтсақ, 6 айлық жұмыс үшін жалақы төлейді.Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.

«Ұрпақтар келісімі» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:Жеке басын куәландыратын құжат; Білім туралы құжат (бар болса); Еңбек кітапшасы (бар болса).

Ал кәсіпкерлікті дамыту арқылы еңбекпен қамтуды көздейтін «Бастау Бизнес» жобасына келсек, естеріңізде болса, 2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді.Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда, «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістер, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ оқырмандарымызға мағлұмат бере өтсек дейміз.

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген. Ол үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд. теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд. теңге қарастырылған.

Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр.

Бірінші міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту. Жалпы, алғашқы міндет аясында аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізілетін болады. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар беріледі. Жауаптылардың сөзінше, шебер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 шебер-жоспар әзірленеді. Шебер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады..

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ. Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал, жеңілдікті шарттармен шағын бизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ, грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру іске асуда. Оқу 14 облыста, 160 ауданда іске асырылуда, сондай-ақ моноқалалар мен облыс орталықтары, республикалық маңызы бар елорда, Алматы, Шымкент секілді қалалар қамтылған. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша оқыту «Atameken Academy» платформасында онлайн форматта өтіп жатыр. «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы бүгінгі таңда көптеген адам өз өтініштерін беріп жатыр. Егер онлайн түрде өздері білмеген жағдайда жұмыспен қамту орталығында өзіне өзі қызмет  көрсету бұрышы бар. Сол жерге келіп, мамандардан кеңес алып, оқуды бастап кеткендер де бар.

Енді «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, биыл «Бастау Бизнес» жобасы «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асып жатыр. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі. Техникалық карталарға сәйкес нақты кейстерді оқыту неғұрлым сапалы өнім немесе шикізат өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, кепілді өткізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін болады. Осының аясында Ұлттық палата биыл аудандардың мамандануын айқындау және аудандардың шебер-жоспарларын әзірлеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту, сауалнама жүргізу үшін аудандардың (42 аудан) тізбесін айқындауды ұсынған.

Ұлттық жобаға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің үлесін 35%-дан 60%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Биыл «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру шеңберінде «Atameken Academy» онлайн-оқыту платформасында өтінім беру кезінде ЭЦҚ арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер болды. Оқуды іске асыру процесінде онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңі алып тасталды. «Бастау Бизнес» түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд теңге бөлінді. «Атамекен» Ұлттық палатасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы мәлімет көп. Кез келген адам оқып танысуына және 1432 байланыс орталығына хабарласып, барлық сұраққа жауап ала алады.

Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн. жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орыны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орыны – 1 727,9 мың. Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады, оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қоса, жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.

Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілген, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілген. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн. адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады. Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған.Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Мамандардың мәліметінше, 5 жыл ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 205 мың азамат қамтылмақ, ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.

Биылғы өзгерістер туралы түйіндей айтқанда, 1 млн. 200 мың теңге иемденгісі келетіндер оқитын курстың мерзімі бұрынғыдай 21 күнге созылмайды. Бар күш-жігеріңізді салып тәлім алсаңыз, бар-жоғы 1 аптада меңгере аласыз.  Айта кетейік, дәріс интернет желісі арқылы жүргізіледі. Оқуды аяқтап болған соң тестілеудегі сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап берсеңіз, 3 жылға жарамды сертификат тапсырылады. Тестілеуден өте алмай қалсаңыз, 1 жыл ішінде қайта тапсыруға болады. Қаперіңізде болсын, қайтарымсыз қаражатты кез келген адам иемдене алмайды. Жобаға өтініш беруге 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қандастар, мүгедектер, өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар қатысуға құқылы.

Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады. Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі. Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі. Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді. Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі: оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады; оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін төмендегі санаттарға жататын қатысушылар Жұмыспен қамту орталығынан берілетін 400 АЕК мөлшеріндегі грантқа үміткер бола алады:

Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар;

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар қатарынан);

жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі бір жылдан кем);

жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғалар.

Бұл ретте грантқа үміткерлер төмендегі санаттардан болуы тиіс:

Жастар (29 жасқа дейін),

аз қамтылған отбасы мүшелері – атаулы әлеуметтік көмек алушылар,

көпбалалы отбасылар — көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушылар,

қандастар, қоныс аударғандар,

мүгедектігі бар адамдар,

мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар үшін.

Атап өту қажет!

Жоғарыда аталған санаттарға жатпайтын өткен жылдардағы жобаға қатысушылар гранттық қаражатқа үміткер бола алмайды;

Грантқа үміткерлер жұмыспен қамтудың басқа да қолдау шараларына қатыспауы тиіс;

Грант бір рет қана беріледі, бұрын алған қатысушылар қатыса алмайды;

Грант қаражатын тек «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту барысында әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес пайдалануға болады.

Грантқа қалай өтініш беруге болады?

Оқуды аяқтаған және сертификат алған «Бастау Бизнес» жобасының түлектері Еңбек министрлігінің Business.Enbek порталындағы «Грант» бөлімінде өтініш бере алады.

Микроқаржыландыруға кім үміткер бола алады?

Бизнес-жобасын қорғаған «Бастау Бизнес» жобасының тыңдаушылары, оның ішінде 2017-2021 жылдардың қатысушылары кәсіпкерлік қызметтін дамытуға «Атамекен» микроқаржы ұйымдарынан жылдық 6%-бен жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады.

Жоспар көрсеткіштеріне сәйкес, ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша жұмыс орнында дуальді оқыту түріне 23 азаматты, ал кәсіптік оқытудың жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде оқу ұйымында оқыту түріне 54 азаматты оқыту жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспар көрсеткіші толығымен орындалып, 77 азамат оқу курстарына жолданыпты. Жұмыс берушілермен түзілген келісімшарт негізінде аталған азаматтар оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Кешенді жоспардың Тұрақты және жаңа жұмыс орындары бойынша орындалу деңгейіне тоқталсақ, үстіміздегі жылы 3155 азаматты тұрақты бос жұмыс орындарымен, ал 2200 азаматты жаңа жұмыс орындарымен қамту міндеттелді. 9 ай ағымында 3272 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданса, 2150 азамат салалық бағдарламалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындарына  жолданған.

Түркістан қаласының осал топтағы тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары назардан тыс қалған емес. Мүмкіндігі шектеулі 66 азамат белсенді шараларға тартылыпты. Ал, жалақылары мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тоқталсақ, биыл Түркістан қаласының экономикалық белсенді 125 тұрғынына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру көзделіп, жыл басынан бері жұмыссыз 126 азамат аталған жұмыс орындарына жолданған. Кешенді жоспардың жастарды жұмыспен қамту бойынша көрсеткіштеріне сәйкес, есепті жылы 500 азаматқа жастар практикасын ұйымдастыру көделсе, жылдың 9 ай ағымында 501 түлек аталған практикаға жолданып отыр. Әлеуметтік белсенділігі төмен NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту мақсатында, 30 азаматқа алғашқы жұмыс орындарын ұйымдастыру міндеттеліп, жылдың 9 айында жоспар көрсеткіші толығымен орындалған.

Түркістан қаласы аумағын көріктендіру және көгалдандыру үшін 650 азаматқа ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспарланды. Есепті айда бағдарламаның бұл бағытына жүгінген жұмыссыз 843 азамат қоғамдық жұмыстар орындарымен қамтылған екен. Ұлттық жобаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша Түркістан қаласында жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. Жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес, 2022 жылға 273 азаматтың жаңа бизнес идеяларына қайтарымсыз мемлекеттік грант қаражаттарын ұсыну көзделіп отыр. Бүгінгі таңда 190 азаматтың бизнес идеялары комиссия шешімімен мақұлданып,  қаржылау қолдау шараларымен қамтылыпты. Әлеуметтік қаржылай қолдау мәселесі бойынша да Түркістан қаласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылы 3608 отбасыға немесе 20500 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланып отыр екен. Жоспарға сәйкес, жылдың 9 айында 3727 отбасыға немесе 20530 адамға әлеуметтік көмек қаражаты тағайындалған.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту іс-шараларына тоқтала кетсек.  Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» көрсетілген. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында оның ішінде Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы өзін өзі еңбекпен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Ұсынылатын мемлекеттік гранттар бастапқы кәсіпкерлікті өркендетуге арналған  ең тиімді тетіктердің бірі болып саналады. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар – 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты - қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылса, тиісінше тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Бұл бағытта қаламызда жылдың 6 айында  9 азаматтың бизнес идеяларына қайтарымсыз қаржылай  қолдау шаралары көрсетілді.

2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленгені белгілі. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ айтып өтсек.

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Руслан Тілеубаевтың мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген. Ол үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. «Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр», – деді департамент директорының орынбасары.

Жұмыс орындарын көбейту

Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орны – 1 727,9 мың. Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. «Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ол.

Жұмыспен қамту

Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.

Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші. «Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет», – деді Руслан Тілеубаев. Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Кәсіпкерлікке оқыту

Жалпы, кәсіпкерлікке оқыту шаралары аясында аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі. Мастер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 мастер-жоспар әзірленеді.

«Мастер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады», – деді ол. Департамент директоры орынбасарының айтуынша, аталған жоба шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ.

Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал жеңілдікті шарттармен микробизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов биыл аталған жоба «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асатынын атап өтті. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі.

Кәсіпкерлердің дағдыларын дамыту

Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.

Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады.Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған. Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.

Болашақ кәсіпкерлерге кеңес. Бизнесті нөлден бастауға болады. Бүгінгі таңда тек дайын өнімдер ғана емес, сонымен қатар жеке білім, дағдылар, талант пен тәжірибе де үлкен сұранысқа ие. Біріншіден, сіз өзіңіздің күшті жақтарыңыздан бастауыңыз керек, не істеу керек екенін білуіңіз керек, мысалы, мұғалім білім беру орталығын аша алады, ал бухгалтер компанияларда бухгалтерлік есеп пен аудит жүргізуге көмектеседі. Екіншіден, сізге белгілі бір нарықты зерделеп, сол нарық түріндегі сұраныстарды түсініп, бәсекелестердің ұсыныстарын зерделелеп, өзіңіздің жаңа қызметіңізді ұсынуыңыз қажет болады (мысалы, жаяу жететін жерде кофехана болмаса, кофе машинасын чатып ала отырып сіз бариста қызметтерін ұсына аласыз). Егер сіз белгілі бір бастаманы таңдаған болсаңыз, сізге бизнес-жоспар әзірлеу керек (барлық қажетті тармақтарын қарап шығу керек, идеяңызды жүзеге асыру үшін шығындарды есептеңіз). Жаңадан бастағандар үшін кеңсені жалға алмай-ақ, үйде отырып жұмыс істеуге болады. Мысалы, хоббиіңізді кәсіпке айналдыра аласыз (нан пісіру, кесте тігу, т.б.).

Кәсіпкерлік түрлері. Жеке бизнесіңізді бастамас бұрын, сіз қандай бизнес түрін таңдау керектігін шешуіңіз керек. Мұны істеу үшін сіз нақты не істейтініңізді түсінуіңіз керек – сауда, білім, есеп және т.б. Кәсіпкерлік қызмет нысандарының бірі ЖК (Жеке кәсіпкер ) болып табылады. Қазақстанда жеке кәсіпкер болу оңай, ол үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кірістер органдарына жеке кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Хабарламаны электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЖК тіркеу қызметі e-license.kz мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылса, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы хабарлама жіберуге болады. Жеке кәсіпкерлік жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының азаматтары мен кандастардан басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ЕАЭО елдерінің (РФ, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения) азаматтары жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға құқылы. Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы толығырақ мына жерден біле аласыз. Егер сіз өз кәсібіңізді өзіңіз серіктесіңіз, танысыңыз, досыңызбен бірлесе отырып ақшаларыңызды, біліміңізді салып, ашақыңыз келсе, онда бірлескен бизнес үшін ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ашқан дұрыс. Бұл өз Жарғыңыздың болын талап ететін жағдай. Бұл құжатсыз банктік есепшот ашпайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Бұлай бизнес ешқашан болмайды. Бірақ, ЖШС тіркеу кезінде – Жарғы талап етілмейді.  ЖШС аша отырып, кез келген қызмет түрімен айналысуға болады, сонымен қатар қызмет көрсетумен, өңдеумен, өндіріспен айналысуға болады. Қосымша лицензияларды талап ететін белгілі бір қызмет түрлері ғана бар. Мысалы, сіз алкогольді ішімдіктер сатумен немесе құрылыс жұмыстарымен айналысам деп шешсеңіз, бұл жағдайда қызмет түрін жүзеге асыру үшін ЖШС-ке қосымша лицензия алу қажет. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашу үшін жарғылық капитал да қажет. Ол ЖШС құрылтайшыларының әрқайсысының салымдарынан құрылады және осылайша олардың серіктестіктегі үлесі анықталады. Бұл ақшаны шикізатқа, жалға алуға, коммуналдық қызметке және басқа да шығындарға жұмсауға болмайды. Бұл тисуге болмайтын сома. Кризистік сәтте де жарғылық капитал ЖШС шотында қалуы керек. Ол кепілдік депозит ретінде қызмет етеді және компания таратылған жағдайда алынады. Ақша банкроттықтан кейін ЖШС қарыздарын және басқа да міндеттемелерін өтеуге кетуі мүмкін.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық режимдері. Салық режимі тіркеу кезінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс қызмет нысанына байланысты болады. Біздің елімізде салық салудың бірнеше режимдері бар, олардың біреуін таңдағаннан кейін шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеледі. Негізгі екеуін атап өтейік: жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібі және арнайы салық режимдері . Жалпы белгіленген режим. Жалпыға бірдей белгіленген салық режимін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектісі жыл сайын (келесі жылдың 31 наурызына дейін) жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады. Салық декларациясында 10% ставка бойынша жеке табыс салығы салынатын есепті кезең үшін алынған пайда («кіріс» минус «шығыс») есептеледі. Яғни, жалпыға бірдей белгіленген режимде біз өз айналымымызды аламыз – біз бизнеске арналған барлық ресми шығындар мен шығындарды алып тастаймыз – бұл тауарларды сатып алу, жалақы, үй-жайды жалға алу, телефон байланысы, құжатталуы мүмкін барлық нәрселер, Мұның бәрі сізге қымбат болуы мүмкін және сіз 10% салық төлейсіз, бірақ таза табыстан! Жылына бір рет салық төлейміз. Сондай-ақ 1С-де бухгалтерлік есеп жүргізу қажет. Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Салық кодексінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі қарастырылған.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне арнаулы салық режимiн қолдану үшiн олардың санына, айналымына және қызмет түрлерiне белгiлi бiр шектеулер белгiленген. Арнаулы салық режимінің әрбір түріне тоқталайық. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтын және тізбеде (18 түр) көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер сияқты кәсіпкерліктің түріне ғана арналған. Патенттің ерекшелігі сол, ЖАТ есептелген кірістің 1% мөлшерінде есептеледі, яғни кәсіпкер салықты алдын ала төлейді. Салық салудың келесі түрі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Оны келесі шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолданады: кезеңдегі қызметкерлер саны – 30 адамға дейін; салық кезеңіндегі табыс 24 038 АЕК-тен аспайды. Жеке табыс салығының ставкасы, бұл режим (шығындарды қоспағанда) табыстың 3% құрайды салық ескере кез келген шығындарды есептемегенде бүкіл айналым бойынша төленеді деп ерекшеленеді. Салық есептілігі жарты жылда бір рет ұсынылады. Режимді негізінен сауда, қоғамдық тамақтандыру және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер пайдаланады.  Ал, арнаулы салық режимінің үшінші түрі – тіркелген шегерім қолданатын арнаулы салық режимі. Жылдық жиынтық табыстың 30%-ын растайтын құжаттарсыз қосымша тұрақты шегерім, сондай-ақ жалақы қорын 200%-ға азайту қарастырылған. Бұл режим үшін ең жоғары табыс мөлшерінің 144 184 АЕК және ең жоғары санының (50 адам) жоғары (оңайлатылған декларациямен салыстырғанда) критерийлері белгіленді.   Режимді негізінен көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын, қызметтердің басқа түрлерін көрсететін, сондай-ақ құрылыс саласында жұмыс істейтін салық төлеушілер қолданады. Қай салық режимін таңдасаңыз да, кассалық аппаратыңыз болуы керек. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін қолма-қол ақшаны төлеу және төлем карточкалары бойынша төлемдерді жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машинаны пайдалану міндетті болып табылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, егер сіз өз қызметіңізде сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін қолма-қол ақшамен, сондай-ақ банктік карталармен төлем алуды жоспарласаңыз, онда сізге бақылау-касса машинасын сатып алып, салық органында тіркеу қажет. Бақылау-касса машинасын төлемдерді жүзеге асырмас бұрын сатып алу керек, яғни. сатып алушылардан төлемді алған кезде сізде салық органында тіркелген бақылау-касса машинасы болуы керек. Кассалық машиналар екі түрлі болады. Қолма-қол ақшаға арналған кәдімгі касса, телефондағы өтініш түріндегі мобильді касса.

Аутсорсинг. Табысты бизнес үшін барлық процестерді басынан бастап зерттеу керек. Мінсіз бизнес-модель – бұл сіз жақсы білетін нәрсеңізбен, кәсіби тәжірибеңіз бар нәрсемен айналысу және сол салада талантты болу. Сондықтан  егер сізде әлі жақсы команда жинау мүмкіндігі болмаса, әртүрлі мобильді қосымшалар мен онлайн құралдар – платформалар көмектеседі. Бұл үшін сіз сыртқы ресурстарды, яғни аутсорсингті пайдалана аласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, аутсорсинг – бұл келісімшарт негізінде қызмет көрсетуге маманданған басқа фирмаға компания жауапкершілігінің бір бөлігін беру. Бұл сөз ағылшын тіліндегі out – ‘сыртқы’  сөзден шыққан. Мысалы, кәсіпкер өндірісте (нан пісіру, кесте тігу) талантты болса, онда сатуды, жарнаманы және бухгалтерлік есепті енгізу компанияларға аутсорсингке беруге болады мүмкін. Ал сіз оларға нәтиже үшін төлейсіз. Сіз оларға бөлме жалдамайсыз, жалақы төлемейсіз, тек нәтиже үшін төлейсіз.

Күн сайын бизнес жүргізуді оңайландыратын қосымшалар, кейбір қызметтер бар шығуда. Қазір телеграмма бот, ватсап бот жасау, клиенттер жазады және робот оларға автоматты түрде жауап беру сияқты мүмкіндік бар. Негізінде сұрақтар типтік және жауаптар да типтік және бұл, мысалы, қызметкерлерді қысқартуға мүмкіндік береді, сонымен қатар тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын қысқартады және бұл клиент үшін өте ыңғайлы.

Мемлекеттен бөлінетін грантпен кәсіп ашуға болады. Жаңадан бастаған бизнесмендерге арналған оқыту бағдарламалары бар, бизнеске арналған оқыту бағдарламасы бар, яғни кәсіпкер түсінбесе, мысалы, SMM немесе бухгалтерлік есеп т.б., порталда оқуға болады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында «Бастау Бизнес» жобасын іске асыруда. Халықтың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын қолдау. Оқытуға қатысушылар жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары болып табылады. Сонымен қатар, жастар, соның ішінде NEET санаттары, жас отбасы мүшелері, аз қамтылған және/немесе көп балалы отбасылар, еңбекке қабілетті мүгедектер қатысуға басым құқыққа ие. Қатысушы 25 күннен аспайтын мерзімде кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтеді, оқуды аяқтағаннан кейін қатысушылар оқу процесіне қатысу белсенділігіне және бизнес-жоспарларды дайындауға байланысты сертификаттардың екі түрінің бірін алады (сертификат). Оқуға қатысу, оқуды аяқтағаны туралы сертификат. Оқуды аяқтағаны туралы сертификат жеңілдетілген процентпен шағын несиелеу құқығын білдіреді: жылдық 6% немесе оқу барысында әзірленген бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін 200 АЕК көлемінде гранттық қаржыландыру алу. «Бастау бизнес» жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Бұл бизнес негіздеріне оқытуды, бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмек көрсетуді және несиелік және гранттық бағдарламалармен тығыз байланыста бизнес-кеңес беруді қамтамасыз ететін тиімді құралдардың бірі. Сондай-ақ жоба аясында 12 айға іске асырылған жобаларды қолдау қарастырылған. Оқу процесін жүргізу және қатысушыларды қолдау үшін жобаға жыл сайын 200-ге жуық бизнес-тренерлер тартылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген отандық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілердің тізілімін қалыптастырады және жүргізеді. Өнеркәсіптік сертификат отандық өндірушіге беріледі. Тізілімге енгізуге өтініш беру үшін doculite.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетте өндірістің аумақтық орналасқан жері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш пен құжаттар топтамасын тапсыру қажет. Өндіруші ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға Тізілімге енгізілген.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір бағдарламасы бар. Бұл «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы , оған сәйкес ол жерде де 5 миллион теңгеге дейін грант алуға болады – бұл қазірдің өзінде инновациялық қызметке арналған гранттар . Грант өтеусіз, қайтарымсыз, бірақ ол мақсатты. Оны бизнес-жоспарда көрсетілген мақсаттарға дәл пайдалану қажет. qoldau.kz сайтында тіркелу қажет.

Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау шаралары. Бизнесмендерге жеңілдікпен несие беру бағдарламалары бар. Мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетуде. «Атамекен» АЭС-те «қаржылық емес қолдау шаралары» сияқты қызмет түрі де бар (бұл барлық республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы). Мысалы, өте шағын командасы бар кәсіпкер қызмет көрсету орталығына келіп, қызмет ала алады, салық жағынан барлығын есептей алады, есеп береді. «Халықты және кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау» құралы (Ақпараттық қолдау) моноқалалардағы, шағын қалалардағы және облыс орталықтарындағы 190 ХҚО-да жүзеге асырылады. Ақпараттық қолдау қызметтері жұмыс істеп тұрған және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа тегін, офлайн және/немесе онлайн режимінде көрсетіледі. Іскерлік қарым-қатынас құралы Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнестің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады. Бірінші кезең Қазақстан аумағында жүзеге асырылады. Осы кезеңде Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғары және орта буын менеджерлерінің біліктілігін арттыру кәсіпкерліктің, маркетингтің заманауи әдістерін оқытуға, іскерлік байланыстар орнатуға бағытталған бизнес-тренингтер ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. іскер серіктестермен және басқалармен. Оқыту барысында құралға қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз кәсіпорнының бизнес-жоспарларын әзірлейді. Бизнес-тренингтерді аяқтағаннан кейін құралға қатысушылар алынған кеңестерге сәйкес бизнес-жоспарларды өз бетінше пысықтайды, кейіннен «Шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату» құралының екінші кезеңіне конкурстық іріктеуге қатыса алады. Екінші кезең құралға қатысушылар үшін шетелде тақырыптық іскерлік тағылымдамадан өтуді қарастырады және ұқсас бейіндегі шетелдік кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуді және шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстарды орнатуды қамтиды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 31 рет