«Алғашында бұл зауытты Қазақстан мен Ұлыбритания бірлесіп салған, кейін қаражат тапшылығына байланысты зауыт жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда барлық өнімдер «Toyoda» маркалы германиялық, ағылшын, жапон аппараттарымен жүзеге асырылуда. Басында зауыт мақтаны тазалап, ағартуға бағытталған-ды. Келе-келе халық тұтынатын өнім шығару ісімен айналысуды қолға алдық. Алғаш жұмысымызды Кореядан 6 тәжірибелі маманды алдыртып, олардан кәсіп үйреніп, осындағы 5 жұмысшыны сол елге 6 айға біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға жіберуден бастадық. Қазақстанда мақта Түркістан облысында ғана өсіріледі. Сондықтан мақта зауыттарының басым бөлігі осы облыстың аумағында орналасқан. Түркістан облысындағы зауыттардың көпшілігі мақтаны шитінен, яғни, дәнегінен айырып, жуып тазалау ісімен ғана айналысады. Елімізде өсірілген мақтадан таза өнім шығармайды. Ал, Түркістан қаласындағы орналасқан мақта зауыты мақтадан халық күнделікті тұрмыста тұтынатын медициналық және косметикалық бұйымдар шығару ісін жолға қойған ірі өндіріс ошағы», – дейді өндіріс басшысы.
Комбинат қазіргі таңда 1 сұрыпты мақта талшығынан баршамызға әйгілі «Малыш и малышка» атты гигиеналық медициналық стерильденбеген мақта, гигроскопиялы, стерильді мақта, дымқыл сулықтар (оның ішінде балаларға арналған), медициналық стерильді дәке бинті, «doctor sponge» косметикалық мақта жастықшалары секілді 106 түрлі экологиялық таза мақта өнімдерін өндіруде. Өндірістің бастапқы жалпы құны 12,5 млн. долларды құрайды. Мақта шығару-өндіру зауыттарымен, жеке шаруашылықтармен келісіп, мақтаны зауытқа жеткізгеннен кейін мақтаны қайнатуға 7 сағат, шаң-тозаңнан тазартуға 3 сағат жұмсалады. Тазартылған мақта кептіру, таралу, өңделу, қайта тазарту секілді санқилы процестерден өтіп, түрлі бұйымдарды жасауға әзірленеді. Мысалы, «Малыш и малышка» 25, 50, 100 граммдық қалташаларға буып-түйіледі; мақта жастықшалары аппараттар арқылы орама етіп дайындалғаннан кейін трафарет секілді қондырғыдан өтіп, домалақ пішінге енеді, жіңішке қалтаға салынады. Тұтынушының бұл затты өзіне ыңғайлы етіп ашып-жабуы үшін аузына арнайы жабыстырғыш ілмек те қарастырылған. Дәке бинттері стерильденіп, оралып, қондырғыға тұтас етіп салынғаннан кейін бөліктерге бөлінеді. Комбинат өнімдері Қазақстанның барлық облыстары мен аудандарына тарап, халық игілігіне ұсынылуда.
Мақта — Мақта шаруашылығының негізгі өнімі, халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылатын, құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық бағалы талшықты дақылдан жасалатын маңызды шикізат. Мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды. Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе жастық, көрпешеге және т.б. заттарға қолданылады. Мақтаны көрпеге, көрпешеге, жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен мақтасын бөлек алып, жоғарыда аталған заттарға салады. Мақтаны салмастан бұрын, оны арнайы машинаға салып, өңдеп алады.
Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар — бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады. Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар, мақта целлюлозасын,жасанды тері, фибра т.б. алуға болады. Мақтаның әрбір центнерінен (мақтаның сортына қарай) орта есеппен 34-33 кг таза талшық және 62-66 кг тұқым алынады.
Мақта талшығын және басқа бөліктерін химиялық жолмен өңдеу арқылы жоғарыда аталған бұйымдардан басқа сынбайтын әйнек, фотопленка, каллойдтар, лактар, қағаз, пироксилин, сірке және лимон қышқылын, сондай-ақ т.б. көптеген өнім алуға болады яғни, 700-ден астам бұйым жасалады. 100 кг талшықтан 2000 м барқыт немесе 1200 м сиса, 2 болмаса, 500 м бөз тоқылады. Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, медицинада қолданылатын мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады. Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл — мақта. Ол тек Түркістан облысында ғана өсіріледі.
Түркістан қаласында жоғарыда айтылған мақтаны терең өңдейтін зауыттан өзге де кәсіпорындардың қатары көбейіп келеді. Мәселен, Түркістан қаласында 2023 жылы жалпы құны 4,9 млрд. теңгенi құрайтын 7 жоба индустриалды аймақта iске қосылды. Олар: 1) «Techtronic-Stroy» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және асфальто бетон өнімдерін жасау» жобасы, құны 600 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 2) «ГОКТУРК» ЖШС-ң «Шлакоблок, брусчатка және бордюрлы тастар жасау» жобасы, құны 250 млн теңге, 19 адам жұмыспен қамтылған. 3) «Euroblock Production» ЖШС-ң «Газобетон және полтстирол блоктарын жасау» жобасы, құны 113,8 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) «Grand Stroy Kaz» ЖШС-ң «Тауарлы бетон және темір бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 1млрд. 500 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 5) «Алем Бетон – 1» ЖШС – 2 кезеңіндегі «Тауарлы бетон және асфальто бетон бұйымдарын жасау» жобасы, құны 700 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 6) «Grand MIKS» ЖК (3-ші кезең) «Жиһаз жасау» жобасы, құны 800 млн теңге, 35 адам жұмыспен қамтылған. 7) «Қазақстан 2030 – Қытай» ЖШС-ң «Шұлық жасау» жобасы, құны 1 млрд теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 2023 жылы арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асырылған жобалар: 1) “Султанат ЯССЫ” ЖШС-ң Коттеджды қалашық құрылысы, құны 2 млрд. 500 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 2) “Дос и К Сервис” ЖШС-ң Коммерциялық ғимараттар құрылысы, құны 1 млрд 200 млн теңге, 10 адам жұмыспен қамтылған. 3) “Yassy Oil Company” ЖШС-ң Жанар жағармай бекеті құны 200 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған. 4) Түркістан облысының нотариаттық палатасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 140 млн теңге, 20 адам жұмыспен қамтылған, 5) Республикалық адвокаттар алқасы, Түркістан қаласының адвокаттар алқасы, Әкімшілік ғимараттар құрылысы, құны 130 млн теңге, 30 адам жұмыспен қамтылған. 6) “Yassy Green House” ЖШС-ң Yassy Eco Village коттеджды қалашық құрылысы, құны 3 млрд 740 млн теңге, 45 адам жұмыспен қамтылған. 7) “Тамыз Құрылыс ББК” ЖШС-ң көпқабатты үйлер құрылысы, құны 1 млрд 540 млн теңге, 90 адам жұмыспен қамтылған.
Туризм саласындағы қала аумағында іске қосылған қонақ үй жобалары: «Qas saq mini hotel», құны 200 млн теңге, төсек орын саны – 12/24, 6 адам жұмыспен қамтылған. «Turan», құны 86 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 9 адам жұмыспен қамтылған. «Mai-Bulaq» құны 95 млн теңге, төсек орын саны -10/25, 6 адам жұмыспен қамтылған. «ЯССЫ» (реконструкция), құны 100 млн теңге, төсек орын саны – 34/67, 11 адам жұмыспен қамтылған. «Шапағат», құны 74 млн теңге, төсек орын саны -10/20, 8 адам жұмыспен қамтылған. «Павлин», 150 млн теңге, төсек орын саны – 8/22, 11 адам жұмыспен қамтылған.
2024 жылы индустриалды аймаққа тартылған жобалар: «Түркістан» индустриалды аймағында өндіріс орындарымен толықтыру бағытында 2 жоба, ӨҮК-ң оң қорытындысын алып, алдағы 2024-2025 жылдары іске асырылуы және 56 адам жұмыспен қамтылуы жоспарлануда. «Махатов» ЖШС ағаштан сәнді еден және қабырға қаптамаларын жасау жобасы; «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС битум өндіру және оны сақтау жобасының құрылысы; Бұдан бөлек, «Құрғақ қағаз майлықтарын және тұрмыстық химия жасау» жобасын «Құрылыс саласына арналған жеңіл қабырға қаптамаларын жасау» жобасын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы құны 3,4 млрд.теңге және 100-ге жуық жаңа жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар – «Али Канстракшн Груп» ЖШС, «Гүлзада» ЖК, «Туран Мебель БК» ЖШС атты 3 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген. Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК, ЖШС «Ет» комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген. Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.
2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ШОК субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 млрд 168,0 млн. теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 11,4% құрап, 2 орында. Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда 23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7% құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 49,9% құрап, 1 орында. Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 млн.теңге, нақты көлем индексі 110,8% құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 1 орында.
Түркістан қаласы бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 355,8 млрд. теңгені құрады. Жоспар – 348,9 млрд. теңге, орындалуы (111,9 пайыз). Оның ішінде: республикалық бюджет 59,1 млрд. теңге (16,6%), жергілікті бюджет 88,3 млрд. теңге (24,8%), жеке инвестиция 202,1 млрд.теңге (56,8%), сондай-ақ жалпы 6,2 млрд. теңге (о.і. басқада қарыз қаражаты есебінен 4,8 млрд.теңге (1,3 %), банк кредиттері 1,4 млрд.теңге (0,4 %) тартылған. Жалпы инвестиция бойынша облыстағы қаланың үлесі 36,6% құрап, аудан, қалалар бойынша 1 орында.
Түркістан қаласы облыс орталығы және қала статусын алуына орай ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар іске асырылмауда. (Егістік жерлер мен мал жайылымдық жерлер жоқ) Агроөнеркәсіп саласындағы жобаларды – құс фермалары, мал бордақылау алаңдары, жылыжай құрылысы секілді ірі инвестициялық жобаларды индустриалды аймаққа, арнайы экономикалық аймаққа немесе қала аумағында іске асыруға заң аясында мүмкіндігі жоқ. 2023 жылы қаңтар-желтоқсан айына ауыл шаруашалығы саласында жалпы 11 907,7 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде, мал шаруашылығында 3 860,6 млн. теңгенің, егін шаруашылығында 6 337,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы нақты көлем индексі 102,0%-ды құрады. Есепті кезеңде ет 903,1 тн өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 98,5%-ға, сүт 9 907,5 тн болып 101,0%-ға, жұмыртқа 646,1 мың дана болып, 91,5 % құрап отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында – арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру, арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (төлнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру, арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу, арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу) сияқты 4 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2023 жылы аталған 4 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлығы 766 қызмет көрсетілген.
2023 жылы Түркістан қаласына келуші зияратшылар мен туристердің саны 1015,2 мың адамға жеттіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (975,5) 4,0%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылы шетелдік туристер саны 12,2 мың адамға жетті, яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,8% өсті (2022 жылы осы кезеңде 7,1 мың адам). 2023 жылдың 9 айының қортындысымен Түркістан қаласында нөмірлік қоры 2671 төсек-орын құрайтын 59 орналастыру орны жұмыс істейді. Сондай-ақ орналастыру орындарымен 74,5 мың адамға жалпы соммасы 2,25 млрд.тг-ге қызмет көрсетілген. Ағымдағы жылы Түркістан қаласында 6 қонақ үй ашылса, оның ішінде Qassaq (жұмысшы саны 6, номер саны 12/24), Turan қонақ үйлері ағымдағы жылы құрылысы жүргізіліп іске қосылды. Сонымен қатар, Яссы, Шапағат, Май-Бұлақ, Павлин қонақ үйлері ғимаратқа реконструкциялық жұмыстар жүргізіліп ашылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай, «Керуен – Сарай» туристік кешенінде Түркістан облысының туристік маусымының ашылу салатанаты өткізілді. «Bauyrsaq Fest» ісшарасы ұйымдастырылып, әуе шарлары ұшырылды. Сонымен қатар ұлттық колоритке толы «Gastro Fest» гастрономиялық фестивалі, этноауыл аумағында «Этнофест» мерекелік бағдарламасы, «Silk Road» түйе керуені шеруі ісшарасы өткізілді. Түркістан облысы әкімдігімен бірлесе отырып, 20-22 наурыз аралығында Түркістан қаласында алғаш рет азық-түлік және ауыл шаруашылығы саласының жетекші өндірушілері мен кәсіпкерлері қатысатын «KazAgro/KazFoodTurkistan2023» халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Сондай-ақ 24-25 маусымында Шаға жағажайы салтанатты түрде ашылды. «Open Turkistan» ЖШС-мен бірлесе отырып, Түркістан қаласында «Tourist time» жастарға арналған жоба тұрақты түрде өткізілді.
2023 жылы Сыртқы туризмді дамыту мақсатында Қытай Халық Республикасының Юэцин қаласымен, Тәжікстан мемлекетінің Худжанд қаласымен бауырластық қатынастар орнатылып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Түркістан қаласының туристік салада жұмыс істейтін гид-экскурсовод, қонақ үй басшылары, қолөнершілер және т.б. бизнес өкілдерінің біліктілігін арттыру және ынталандыру мақсатында өткен жылдың қазан айында семинар-тренинг өткізіліп, 60-тан маман қатысты. Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атануына байланысты бірқатар іс-шаралар жоспары түзілді. Ағымдағы жылы аталған іс-шараның ашылуын және жыл соңына қарай жабылу салтанатын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бауырлас қалалармен түзілген меморандум аясында байланыстарды арттыру, бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен Түркістан қаласының туристік потенциалын жарнамалау және т.б. ісшараларды өткізу көзделуде. Туризм саласындағы мамандарды ынталандыру мақсатында біліктілікті арттыру мақсатында семинар, тренингтер ұйымдастыру, «Mobilography Fest» фестивалін, «Turkistan Tourism Awards» ісшарасын ұйымдастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Kazakh Tourism» және облыстық мәдениет және туризм басқармасымен бірлесе отырып 30-дан астам жоғары деңгейдегі ісшараларды өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Түркістан қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында көрсетілетін жұмыспен қамту шараларын іске асыру бойынша Түркістан шаһарында еңбек индикаторына талдау жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы алға қойған міндеттерді орындау мақсатында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің бастамасымен 202ң жылға ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары бекітілді. Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2024 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес, биыл алты мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Атап өтер жайт, бүгінгі таңда «2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің төмендегі шаралары қолданылады.
Біріншісі – «Жастар практикасы». Түлектерге алған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Он екі (12) айға дейінгі мерзімге «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа тұруға болады. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектер «Жастар практикасына» қатысушылар ретінде белгіленеді.
«Жастар практикасына» арналған жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Жастар практикасына» қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгіну» тиіс. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
Жеке басын куәландыратын құжат.
Еңбек кітапшасы (бар болса).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат.
Екіншісі – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы.
Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге (оның ішінде ЖОО түлектеріне), жұмыс іздеушілерге, жұмыссыздарға, жұмыспен қамту орталығына тіркелгеніне қарамастан, жиырма тоғыз жастан асқан жастар, оның ішінде NEET санаттары, жұмыс тәжірибесі жоқтар қатарынан жүзеге асырылады. Алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектердің «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасу кәсіптік білім туралы дипломда көрсетілген немесе білім беру профиліндегі ұқсас мамандыққа (кәсіпке) сәйкес жүзеге асырылады.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал жұмыспен қамту орталығы жалақыны 1 жылға субсидиялайды. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:
Жеке басын куәландыратын құжат.
Білім туралы құжат (бар болса).
Үшіншісі – «Ұрпақтар келісімі» жобасы.
Жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің өтініштері бойынша Ұлттық жобаға қатысушыларды кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді қызметкерге де еңбек етуге мүмкіндік қарастырылған.
«Ұрпақтар келісімі» жобасы бойынша жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен келісім негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа алады, ал жұмыспен қамту орталығы субсидиялайды. Нақтырақ айтсақ, 6 айлық жұмыс үшін жалақы төлейді.Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді қосқанда), экологиялық төлемдер үшін төлемдерді қоспағанда.
«Ұрпақтар келісімі» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына өтінішпен жүгінуі керек. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:Жеке басын куәландыратын құжат; Білім туралы құжат (бар болса); Еңбек кітапшасы (бар болса).
Ал кәсіпкерлікті дамыту арқылы еңбекпен қамтуды көздейтін «Бастау Бизнес» жобасына келсек, естеріңізде болса, 2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді.Соның бірі — Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда, «Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістер, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ оқырмандарымызға мағлұмат бере өтсек дейміз.
Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген.
Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр.
Бірінші міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту. Жалпы, алғашқы міндет аясында аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізілетін болады. Сондай-ақ, жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға шағын несиелер мен гранттар беріледі. Жауаптылардың сөзінше, шебер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 шебер-жоспар әзірленеді. Шебер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады..
«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ. Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал, жеңілдікті шарттармен шағын бизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың шебер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ, грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру іске асуда. Оқу 14 облыста, 160 ауданда іске асырылуда, сондай-ақ моноқалалар мен облыс орталықтары, республикалық маңызы бар елорда, Алматы, Шымкент секілді қалалар қамтылған. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша оқыту «Atameken Academy» платформасында онлайн форматта өтіп жатыр.
«Бастау Бизнес» жобасындағы өзгерістерге тоқталатын болсақ, биыл «Бастау Бизнес» жобасы «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асып жатыр. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі. Техникалық карталарға сәйкес нақты кейстерді оқыту неғұрлым сапалы өнім немесе шикізат өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, кепілді өткізуді қамтамасыз етеді, бұл сайып келгенде ауыл халқының табысын арттыруға ықпал ететін болады. Осының аясында Ұлттық палата биыл аудандардың мамандануын айқындау және аудандардың шебер-жоспарларын әзірлеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеу және бекіту, сауалнама жүргізу үшін аудандардың (42 аудан) тізбесін айқындауды ұсынған.
Ұлттық жобаға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде оқудан кейін жеке кәсібін ашқан кәсіпкерлердің үлесін 35%-дан 60%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Биыл «Бастау Бизнес» жобасын іске асыру шеңберінде «Atameken Academy» онлайн-оқыту платформасында өтінім беру кезінде ЭЦҚ арқылы авторизациялау, қатысушыларды кезеңдер бойынша бөлуді автоматтандыру сияқты бірқатар өзгерістер болды. Оқуды іске асыру процесінде онлайн өтінім беру, қатысушы статусын верификациялау арқылы жолдамаларды беру кезеңі алып тасталды. «Бастау Бизнес» түлектерін несиелендіруге бюджеттен 22,5 млрд теңге бөлінді. «Атамекен» Ұлттық палатасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл туралы мәлімет көп. Кез келген адам оқып танысуына және 1432 байланыс орталығына хабарласып, барлық сұраққа жауап ала алады.
Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн. жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орыны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орыны – 1 727,9 мың. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады, оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қоса, жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.
Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілген, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілген. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн. адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.
Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.
Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады. Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған.Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Мамандардың мәліметінше, 5 жыл ішінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 205 мың азамат қамтылмақ, ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.
Биылғы өзгерістер туралы түйіндей айтқанда, 1 млн. 200 мың теңге иемденгісі келетіндер оқитын курстың мерзімі бұрынғыдай 21 күнге созылмайды. Бар күш-жігеріңізді салып тәлім алсаңыз, бар-жоғы 1 аптада меңгере аласыз. Айта кетейік, дәріс интернет желісі арқылы жүргізіледі. Оқуды аяқтап болған соң тестілеудегі сұрақтардың 70 пайызына дұрыс жауап берсеңіз, 3 жылға жарамды сертификат тапсырылады. Тестілеуден өте алмай қалсаңыз, 1 жыл ішінде қайта тапсыруға болады. Қаперіңізде болсын, қайтарымсыз қаражатты кез келген адам иемдене алмайды. Жобаға өтініш беруге 29 жасқа дейінгі жастар, аз қамтылған отбасы мүшелері, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қандастар, мүгедектер, өзге өңірден қоныс аударушылар мен асыраушысынан айырылғандар қатысуға құқылы.
Оқытуға өтінімдер «Электрондық еңбек нарығы» Мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі Business.Enbek кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданады. Үміткер өтінімді порталда бергеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде нысаналы топқа тиесілігі тексеріледі. Business.Enbek порталында мақұлдағаннан кейін өтінім онлайн-оқудан өту үшін автоматты түрде Atameken Academy порталына жіберіледі. Курсты Atameken Academy порталында онлайн оқиды. Оқу ұзақтығы күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен аспайды және тегін өтеді. Оқыту нәтижелері бойынша қатысушыға тиісті сертификат беріледі: оқуды аяқтау туралы сертификатты бизнес-жоспарды дайындаған және бизнес-жоспарды бағалау мен қорытынды тестілеудің қорытындылары бойынша қажетті балл санын – кемінде 60% жинаған қатысушылар ала алады; оқуға қатысу туралы сертификатты құзыреттілік деңгейін арттырған, бірақ оқу аяқталған кезде әзірленген бизнес-жоспары жоқ немесе бизнес-жоспардан теріс баға алған қатысушылар ала алады.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту іс-шараларына тоқтала кетсек. Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» көрсетілген. Осыған орай еліміздің барлық аймақтарында оның ішінде Түркістан қаласында кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы өзін өзі еңбекпен қамтығандар мен кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдірушілердің арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Ұсынылатын мемлекеттік гранттар бастапқы кәсіпкерлікті өркендетуге арналған ең тиімді тетіктердің бірі болып саналады. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар – 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты - қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылса, тиісінше тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Бұл бағытта қаламызда жылдың 6 айында 9 азаматтың бизнес идеяларына қайтарымсыз қаржылай қолдау шаралары көрсетілді.
2021 жылы қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленгені белгілі. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту жобалары мен оқыту шаралары туралы толығырақ айтып өтсек.
Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамту департаменті директорының орынбасары Руслан Тілеубаевтың мәліметінше, аталған ұлттық жоба шеңберінде бірқатар іс-шараны іске асыру көзделген. Ол үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен 33,2 млрд теңге, ал жергілікті бюджеттен 8,5 млрд теңге қарастырылған. «Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның 3-еуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр», – деді департамент директорының орынбасары.
Жұмыс орындарын көбейту
Ұлттық жобалар шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында жалпы 2,5 млн жұмыс орны құрылады. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орны – 803,7 мың, уақытша жұмыс орны – 1 727,9 мың. Ал биыл, яғни 2022 жылы 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 335 мың тұрақты жұмыс орындары, 660 мыңы уақытша болмақ. «Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 5 жыл ішінде 100 мың тұрақты және де 630 мыңнан аса уақытша жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оның басым бөлігі жеке бизнес нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз етуге бағытталған», – деді ол.
Жұмыспен қамту
Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады. Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр. Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады. Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.
Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші. «Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет», – деді Руслан Тілеубаев. Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті. Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. 3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады. Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.
Кәсіпкерлікке оқыту
Жалпы, кәсіпкерлікке оқыту шаралары аясында аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі. Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі. Мастер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады. Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 мастер-жоспар әзірленеді.
«Мастер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады», – деді ол. Департамент директоры орынбасарының айтуынша, аталған жоба шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ.
Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал жеңілдікті шарттармен микробизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов биыл аталған жоба «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асатынын атап өтті. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді. Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі.
Кәсіпкерлердің дағдыларын дамыту
Кәсіпкерлердің қажеттілігі бойынша дағдыларын дамыту жөніндегі міндет шеңберінде Ұлттық жобада жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, оқу ұйымдарында да, тікелей жұмыс орындарында да білім беру, сондай-ақ талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту көзделіп отыр. Осылайша, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша білім беру ұйымдарында оқу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен жергілікті атқарушы органдарды тарта отырып, өңірлік бөліністе сұранысқа ие кәсіптер бойынша қажеттілікті жыл сайын айқындау көзделетін болады. Жыл сайын 11 мың адамды оқыту жоспарланып отыр. Олар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүруге материалдық көмекпен, тұрумен және медициналық тексеруден өтумен қамтамасыз етіледі.
Жыл сайын 5 мыңға дейін адам жұмыс орнынынан оқуға жіберіледі. Олар оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызығушылық танытқан жағдайда тұрақты жұмысқа қабылданады.Талап етілетін дағдыларды онлайн оқыту skills.enbek.kz платформасында жүзеге асады. Онда сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларды ескере отырып, қысқа мерзімді онлайн курстардың легі қалыптасады. Жыл сайын 20-35 мың адамды оқыту жоспарланған. Электронды еңбек биржасында түйіндеме орналастыру немесе бос жұмыс орындарын іздеу кезінде өтінім беруге және курстан өтуге болады. Ізденушіге тиісті өтінім беру жеткілікті. Курс аяқталғаннан кейін және жұмыс беруші талап ететін дағдыларды игергеннен кейін жұмыс іздеуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады және ашық бос орынға өтінім қалдырады. Ал 2025 жылға қарай оқудан кейін жұмысқа орналастыру деңгейі 52-ден 80%-ға дейін өседі деп жоспарланған.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат