2023 жылы 29 балалар ойын алаңшасын орнатылды. 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен-жайда (43 жоба) кешенді балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы 47 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда аудан аумағында 61 дана ашық спорт алаңшалары орналасқан. 2023 жылға 7 спорт алаңшасын орнату жоспарланып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды, ал 2024 жылы 8 ашық спорт алаңшасын орнатылды. Сондай ақ, 2025 жылы 4 ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.
Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар құрылысы жүргізілді. Одан бөлек, демеуші есебінен және «Группа Интеко» ЖШС тарапынан 2 гүлзар құрылды. Ал осы жылы 5 гүлзар құру жоспарлануда.
«WWW.AQ-QARA.KZ»– ақпарат