Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның демеушілігімен 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерде 16 пәтер орналасады. Осылайша, қазіргі таңда аудан орталығында салынып жатқан жаңа пәтерлердің жалпы саны 66-ға жетті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Ол жауапты мердігерлер мен құрылыс саласының мамандарына құрылыстың сапасын басты назарда ұстауды, жұмыстарды бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізуді және жұмыс күшін арттыру қажеттігін ескертті.
Сапар барысында аудан басшысы Шолаққорған ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын да бақылауға алды. Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан аудандық кітапхана ғимараты мен 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру кешенінің» құрылысы назарға алынды. Бұл кешенде спорттың түрлі бағыттары қамтылмақ. Мердігер мекеме өкілдерімен және тиісті сала мамандарымен кездескен аудан әкімі нысандардың уақытылы әрі сапалы аяқталуын тапсырды.
Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан «Достар» стадионының да құрылыс аумағында болды. Бұл жерде 450 орындық көрермендер алаңы, жүгіру жолағы және стандартқа сай үлкен футбол алаңы бой көтеруде.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат