Іс-шараға Сауран ауданы прокурорының орынбасары Каххаров Сухрабжан, Сауран ауданы прокуратурасының прокуроры Темирбаев Нурлыбек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің арнайы басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Садықов Қанат, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Турапбай Жанболат, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Тұрғанбаев Мұхтар, сондай-ақ жеке сот орындаушы Сейсенбаева Салтанат қатысып, тұрғындарға жеке қабылдау жүргізді.
Шарада азаматтарға мемлекеттік қызметтер, қаржылық сауаттылық, қаржылық алаяқтықтың алдын алу бағытында кеңес беріліп, сұрақтарына толыққанды жауап қайтарылды. Қоғамдық қабылдауға қатысушылар жеке мәселелерін ортаға салуға, заң аясында түсініктеме алып, проблемаларын шешу бағытында нақты бағыт-бағдар алуға мүмкіндік алды.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің №200 қаулысымен бекітілген тұжырымдаманың маңызды бөлігі болып табылатын «Қоғамға қызмет ету» апталық жоспарының аясында ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін өтетін осындай кездесулер арқылы заң мен тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ашықтық пен әділдіктің тұғырын нығайту көзделуде.