Жиналысқа аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің техникалық директоры Талғат Ташимов, кәсіпорынның өндірістік-техникалық қызмет басшысы Самиддин Монтаев, сондай-ақ Түркістан және Сауран ауданының электр желісінің бас инженері Ғани Қойшиев қатысты.
Жиын барысында кәсіпкерлік нысандарын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету, жарықтандыруды жақсарту және энергия тапшылығын азайту бағытындағы маңызды мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлердің өтініштері тыңдалып, шешу жолдары бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ, ауылдық округ әкімдерінің орынбасарлары жергілікті кәсіпкерлік объектілерінің энергиямен қамтамасыз етілуі бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Жиын соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлердің өтініштері бойынша нақты тапсырмалар беріп, энергия тапшылығын азайту, жарық беру сапасын жақсарту және кәсіпкерлік нысандарын қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асыруды тапсырды.