Сенбі, 29 Маусым 2019 00:13

Түркістан облысы: Арыста гуманитарлық көмек беретін 17 сектор ашылды

Жаймашуақ кейіпке енген Арысқа тұрғындар оралды. Түркістан облысының әкімдігімен апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік көмегін беру туралы Штаб құрылған болатын. Ауқымды қайырымдылық акциясы аясында облыс әкімдігі, қоғамдық бірлестіктер, қарапайым халық пен еріктілер тарапынан арыстықтарға 150 тоннадан астам қажетті азық-түлік, макарон, балалар тағамы, киім-кешек жинақталды.

Республиканың өзге облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан бірқатар жүк көліктері келіп жатыр.Осы орайда әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Арыс қаласы 17 секторға бөлінді. Осы 17 секторда тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсететін 17 бөлімше ашылғанын да айта кеткен жөн.Қазіргі таңда аталған нысандар азық-түлік тарату жұмыстарын бастап кетті.

Сондай-ақ, Арыстағы  төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Түркістан»  корпоративтік әлеуметтік даму қоры құрылған болатын.  Осы қорға жұртшылық республикамыздың түкпір-түкпірінен қаржы аударып,  үлес қосып жатыр.  Бүгінгі,  яғни,  28 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 1 млрд. теңгеден асты. Бұл қарды арыстықтардың мұқтаждығына жұмсалады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 648 рет