Дүйсенбі, 15 Шілде 2019 19:24

Арыстық оқушылар Түркістан лагерінде демалып жатыр

Арыстық оқушыларды жазғы сауықтыру лагеріне жайғастыру жалғасуда. Мәселен 4 аусымын ашық деп жариялаған «Балауса» демалыс орнында Арыстан келген 10 бала бар. Балалар онда мәдени, спорттық шараларға қатысып, жан-жақты дамуына жағдай жасалған.

9 ай кітаптан бас алмай, білім алған балалардың көптен бергі демалысмаусымы келіп жетті. Үлгілі тәртібімен, үздік нәтижемен көзге түскендер жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама алса, қалғаны ата-анасының қаржысына демалып жүр. Арыстағы апатқа байланысты 10 оқушы облыстық білім басқармасы тарапынан ақысыз демалуда.         

«Балауса жазғыс сауықтыру лагері  4 ауысымын бастады. 150 бала демалуда. 10 бала Арыс қаласынан Облыстық білім басқармасының жолдамасымен 5-6 ауысымда да Арыстан  балалар қабылдаймыз» - дейді   «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің  директоры Гүлжан Жұмагелдіқызы.

Мәдени шараға балалар ерекше дайындалған. Екі күн ішінде тәрбиеші тәлімгерлерімен «Ханшайым мен Құбыжық»  атты көріністі  сахналады.  Әр бала өз кейіпкерін тамаша сомдап шықты.Балалар-біздің болашағымыз.  Озат отыздыққа ену үшін, бүгінгі жас ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы шарт. Сондықтан еліміздегі білім беру ордалары, қосымша оқыту орталықтары және жазғы сауықтыру орындарының орны аса маңызды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 639 рет